0 дауыс
791 көрілді
9 сынып оқушысымын. Әлі қандай мамандық таңдарымды білмей шатасып жүрмін. Бала күнімде дәрігер, одан соң аптекарь ал соңғы кездері мұғалім (қазақ тілі мен әдебиеті) боламын дегем. Дегенмен әлі нақты шешім қабылдай қоймадым. Оқып отырғандар, студенттер, білімділер, білетіндер сіздерден өтінем, ақыл кеңес беріп жіберіңіздерші. Дұрыс жол сілтеп жіберулеріңізді өтінемін.

3 жауап

0 дауыс
Мен енді студент емеспін бірақ сізге айтарым өз жүрегіңіз қай мамандықты таңдап тұр. Олай әр мамандықтан мамандыққа аттап жүрудің қажеті жоқ.Жайғана сіздің сол мамандықпен жұмыс істей аламын, мақсатыма жетемін деген мамандықты таңданыз. Сізді ешкім өте жақсы танымайдығой тек өзіңізді жақсы білесіз. Оны өзіңіз таңдай аласыз. Сәттілік тілеймін!
0 дауыс
Жүрегіңе жақын мамандықты таңдағаның жөн. Негізі екі мамандық та өлмейтін сала. Әрқашан да жұмыс табылады.
0 дауыс
Қарағым, өзіңнің жүрегің сүйген мамандықты таңдағаның абзал. Ұнаған ісіңмен айналысқанға не жетсін...
...