Қышқыл жауын-шашын, қышқыл сулар - атмосфералық жауын-шашын түрлері. Жаңбырдың қышқылды қасиетіне құрамында сутектің өте белсенді иондарының болуымен байланысты.
Жаңбыр суының нормалдық реакциясы сәл қышқыл келеді (pH - 5,6). Бұл ауа құрамындағы көмір қышқыл газының еруінен әлсіз көмір қышқылы пайда болады. Кейде электр стансасы, өнеркәсіптік қазандар, автомобильдерден шығатын газдар, т.б. ауаны күкірт және азот оксидтерімен ластағанда жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, т.б. тамшыларында күкірт және азот қышқылдарының бар екенін байқауға болады.
Қышқыл жауын-шашынның түсуі атмосферадағы күкірт диоксидтері мен азот оксидтерінің болуын антропогендік ластану дейді.
Табиғатта ауадағы азот молекуласы оксиді табиғи процестер жағдайында (найзағай, күн күркіреу, т.б.) және топырақтың нитрификациялануы, орман өрттері негізінде байқалады.
Жер атмосферасында жыл сайын орта есеппен 3 млрд-қа жуық найзағай болып тұрады. Олардан пайда болған мыңдаған градус температура кезінде радикалды-тізбекті механизм үрдісі азот молекуласының қышқылдану процесін туындатады:
- O→2O N² +O→NO+N;
- O² +N→NO+O
Кері реакцияға реакция кезіндегі азот оксиді өнімінің - 2NO+O²→2ONO² тез сууы кедергі жасайды. Атмосфералық ылғалмен өзара әрекеттескенде азот қышқылы пайда болады. Азот оксидінің негізгі көзі болып энергетика және көлік саналады. Олар ауаға 90% -ға жуық ластағыш шығарындыларды шығарады, ал химия өнеркәсібінің үлесі 5% -дай ғана.