0 дауыс
5.5k көрілді
Табиғи жəне минералдық қышқылдардың атауы, формуласы және қолданылуы.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады. Мысалы, көптеген жемістердің дәмінің қышқыл болуы құрамында қышқылдардың кездесуіне байланысты. Цитрус жемістері — грейпфрут, апельсин, лимонда және аскорбин қыш-қылдары бар. Сүтте сүт қышқылы, қызанақта салицил қышқылы кездеседі. Қышқылдың атаулары да осыған байланысты: лимон, алма қышқылы және т.с.с. Алайда кез келген қышқылдың дәмін татып көруге болмайды. Олардың арасында улы қышқылдар болуы мүмкін. Оларға күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылдары сияқты минералды қышқылдар жатады. Барлық қышқылдың құрамына сутек атомдары кіреді, олар әр-түрлі реакцияларға қатысады. Кейбір қышқылдардың формулалары мен атаулары 9-кестеде берілген.

Атаулары Формулалары
Тұз қышқылы HCl
Азот қышқылы HNO3
Күкірт қышқылы H2SO4
Фосфор қышқылы H3PO4
Көмір қышқылы H2CO3

Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін мұқият сақтау керек. Өйткені қышқылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті бар. Тұз қышқылының (массалық үлесі 0,5% хлорсутек) ерітіндісін медицинада асқазан қышқылдылығы төмендеген науқастарға береді. Асқазандағы тұз қышқылы астың тез қорытылуына, аспен бірге түскен зиянды бактерияларды жоюға көмектеседі. Қышқылдылығы жоғары науқастарға антацидтік препараттар беріледі. Олардың әсер ету механизмі асқазан сөлінің қышқылдылығын бейтараптауға негізделген. Антацидтік препараттарға магний оксиді, магний гидроксиді, магний карбонаты, алюминий гидроксиді және т.б. заттар жатады.

Көмір қышқылының ерітіндісі әртүрлі сусындардың құрамына кіреді. Азот, күкірт, фосфор қышқылдары, минералды тыңайтқыштар, бояулар, қопарғыш заттар т.б. алуда қолданылады.

Сілтілер — көптеген органикалық заттарды күйдіретін заттар. Олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаған жөн. Сілті ерітіндісі қолға сабын тәрізді білінеді. Сілтілерге құрылыс әгі — кальций гидроксиді, натрий гидроксиді, калий гидроксиді жатады.

Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар индикаторлар (лат. Indicator — көрсеткіш) деп аталады. Олардың ішінде жиі қолданылатыны — лакмус, метилоранж және фенолфталеин. Индикаторлардың көмегімен қышқыл мен сілтіні ажыратып қана қоймай, ортаның қышқылдылығын — рН (пэ-аш деп оқылады) көрсеткішін де анықтауға болады.

Өмбебап индикатор қышқыл ортада рН < 7, сілтілік ортада рН > 7, бейтарап ортада рН = 7 көрсетеді. Химиялық индикаторлардан басқа табиғи индикаторлар да болады. Мысалы: жүзім, қызылша шырындары, ирис гүлінің қайнатпасы, шие шырыны және т.б.

Өте маңызды

Барлық қышқылдардың құрамына сутек атомдары кіреді, олар әртүрлі реакцияларға қатысады. Сілтілер — көптеген органикалық заттарды күйдіретін заттар. Сілті ерітіндісі қолға сабын сияқты білінеді. Қышқылдар мен сілті ерітінділерінің әсерінен түсін өзгертетін заттар индикаторлар деп аталады. Қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін мұқият орындау керек.

Толығырақ: https://ikaz.info/tabigi-kyshkyldar-men-siltiler/

Ұқсас сұрақтар

...