+2 дауыс
3.1k көрілді
Қаспақты жеме , тойыңда қар жауып кетеді дейді әжем. Тек маған ғана емес , үйдегі барлық балаларға қаспақ жегізбейді. Кей жақтарда қырмыш деп айтса керек. Қар жауып тұрған күндері , қиқулатып той көліктері тізіліп бара жатса "қайсы қаспақ жегеннің тойы бүгін "дейді жымиып. Ал атам қаспақ жегенде тұрған ешнарсе жоқ, қар-жаңбыр:жылауық, сараң , бар болса да жоқ дейтін, жылаңқы адамдардың тойларында жауады дейді. Атамның сөзінің жаны бар сияқты, кешегі апта , бір көкеміздің баласы үйленді, бала жайдары, алтын жігіт ал ата-анасы дүние қуған адамдар, беташарда да,тойында да жаңбыр құйып, боран болып ертесіне шайдай ашылды күн. Сонымен кімдердің тойы жауын -шашынды болып өтеді? Сіз не байқағансыз?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

я маған да үйдегілер солай айтатын қаспақты жеп жатқанымды көреді де айтады:Тойында қар жауып жүрмесін деп!

Сосын мен айтам Жазда үйленемін қар жауа қоймас дедім!

+5 дауыс

ия,менің ағамның тойында болған жаздың күнінде дәл той болатын күні жаңбыр құйып,дауыл соғып быт-шыт болған сосын келесі күні ештене болмағандай күн шайдай ашылды,солай))))

+5 дауыс

Қар жаумайтын шығар.Әйтеуір әнші боласың дегенді естігем

+2 дауыс

каспак жесен бай боласын дегенди естигем

+3 дауыс

Көркем қыз! Кей жерлерде солай дейді. Қызылорда облысында "қаспақ жесең байисың" деп алдап-сулап қазанды қырғызып қояды )) Бұл тамақ рәсуа болмасын деген пиғылдан туса керек.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.12.2020 Мектеп сұрақ қойды
...