0 дауыс
793 көрілді
Күкірттің тотықтарын атап, химиялық формуласын жазыңдар. Олардың келу көздерін, зиянын айтыңдар.

1 жауап

0 дауыс

Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл H2SО3 және күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса, бұлар қышқылдық оксидтер екен.

SO2+H2О=H2SО3 күкіртті қышқыл

SO3+H2О=H2SО4 күкірт қышқылы

Алынуы:Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады.

S+O2=SO2

Na2SO3+HCl=2NaCl+H2O+SO2↑

Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:

2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2↑

2SO2+O2↔2SO3↑

...