0 дауыс
565 көрілді
Соңғы уақытта тамағымда бір нәрсе тұрғандай болып тұрады сонда бұл зобтың белгісіма? Айтып жіберіңіздерші!? Қаз карантинниң уақыты дәрігерге бара алмай отырм

1 жауап

0 дауыс

Зобты қалайша алдын алып емдел жазуға және кретинизмді қайтіп болдырмауға болады: Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ).

Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.

Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор. Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да пайдалы. Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз.

Зобты қалай болдырмауға болады: Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз. Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым пайдалырақ.

Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға организмнің бейімділігін сезініп, тіпті алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста мен маниока жеуді тоқтатыңыз.

Ескертпе: Егер зоб ауруымен ауыратын адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде білікті дәрігер маманға көріну қажет.

...