+2 дауыс
112k көрілді
зоб ауруының алғашқы белгілері айтып жиберіндерш

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Эндомиялық зоб  организмде йод жетіспегенде болатын ауру түрі.J- оргапнизмге су тамақ арқылы түседі. Егер, жердің беті, қара топырақта йод аз болса, онда жеп отырған асымызда да йод  аз және біздің организмімізде жетіспейді. Сондықтан гипофиз Тироидин гормонын аз бөліп, керісінше қалқанша без шамададан тыс тиреотропин ( ТСГ  )гормонын шамадан тыс көп бөледі.Қалқанша бездің көлемі үлкейіп,йод бұдан әрі жетіспегенде иммунитеті нашар адамдарда Хашимото, Базедова сияқты ауруларға алып келуі мүмкін. Зоб ауруы сатылап дамиды. Алғашқы белгілері: ашуланғыштық, ұмытшақтық, жүйкенің әлсіреуі, әлсіздік, қолдың қалтырауы, кейде дененің қалтырауы,жүректің шамадан тыс қағуы( тахикардия),жүдеу,терлегіштік,шаштың түсуі, тырнақтың сынуы,терінің қурғауы... Зобтың соңғы сатылары өте ауыр түрде болады,,адамағзасын қалпына келмейтін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін !.  Қазастанның таулы аймақтарында йод элементі жетіспейді, сондықтан адамдар ауырмаса да, белгілері болмаса да ЙОДОМАРИН,ЙОДАКТИВ,ЙОДИД деген таблеткадан күніне бір рет ішіп жүруі керек. Мысалы: менің үйімде нан сияқты үнемі дастарханымда тұрады.
+3 дауыс
Егер зоб(жемсау) ауруымен ауыратын адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде білікті дәрігер маманға көріну қажет. Толығырақ http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BC%D1%81%D0%B0%D1%83_(%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83)
0 дауыс
Зобтың бір атауы-«жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қалқанша безінің гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі, тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Адамдар күн тәртібіне бағынбай,, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән (ГРЕЙВС-БАЗЕДОВ сырқаты). Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
Қазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000ж бастап йиод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады.

Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді.Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту кезінде қорытылуы бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.
Зобтың түрі көп. Соның Ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. 3 сатысы бар;
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанға сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.
[сурет] Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып, көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көптеп ауырады. Ағзадағы йодтың 90пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген зор. [сурет] Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларында, балық майында әсіресе көп. Теңіз қырыққабатында ламинарияда көп болады. Жемістерден; апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері өте йодқа бай. Жидектер; сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.
Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.
Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдайға жетуі мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылмауы керек. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігерде болуы керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды.
Егер зобтан отбасында біреулер ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты емкім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу.
Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқымқуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса,8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.

Біле жүріңіз:
Дені сау адам шамамен 150микргграмм йод қажет.
Йод аздығы ағзаның химиялық, физикалық агенттерге қарсы тұруы төмендеп, ақыл есі кемиді
Зобты өз бетімен емдемеу. Және өте қауіпті.
Теңіз балдырлары, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жеміс жидектер ағазаға йод беретін тағамдар.
Ескерту
Бес жасқа дейінгі балалар;80-100мкг6 12 жас балалар;130мкг,12 жастан асқан жоғары балалар және ересектер;160мкг, жүкті әйелдер;200мкг мөлшерде йод қабылдау керек
0 дауыс
Басталып келе жатқан зоб ауруымен ауырам қалай емделуге болады? Медицина қарамайды, 2 айсайын барам ешқандай дәрі  жазып бермит. Уақыт болса өтіп жатыр. Білікті емшілердің көмегіне жүгінсем деймін.
Зоб ауруынын да тури бар шыгар.Мысалы маган зобын киширейип кеткен деген.Буны калай тусинуге болады жане неликтен, нестеуге болады??
0 дауыс
менде дем жетпей кысылып ауырамын мойным исип турад бул кауипти ме?
...