0 дауыс
6.5k көрілді
Ұықтап жатып таңғы сағат 6 шамасы кіші дәретті жіберіп қойған неден болады жасым 38 бірінші рет болған жағдай. Өтініш көмек беріңіз дер.

1 жауап

0 дауыс

Көп жағдайда балалар кіші дәретке жиі барады. Алайда бұл қалыпты жағдай болып саналғанымен, шектен тыс көп зәр шығару түрлі ауруларға алып баруы мүмкін. Балаңыздан мұндай жағдайды жиі байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге көрсетіңіз. Сонымен қатар кіші дәреттің тазалығына көңіл бөліңіз. Кей жағдайда зәрмен бірге қоймалжың зат немесе ақшыл қан шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерден кеңес алған жөн. Назарларыңызға балаларда көп орын алатын осы дерттің болу себебі, емі жөнінде аз-кем ақпарат береміз. 

Кішкентай нәресте күніне 15-20 рет кіші дәретке отырып, оның ешқандай зиянын көрмейді. Өйткені бұл қалыпты жағдай. 4 жасынан бастап балалар қуығының толғанын сезіп, зәр шығарғысы келетінін айта алады және күніне 7-9 рет кіші дәретке отырады. Егер де бұдан да көп дәретке шығып, мазасызданатын болса дәрігерге жүгініңіз. Мұндайда баланың қуығына инфекция түскен болуы немесе қант диабетімен ауруы да ғажап емес. 

Баланың түнде төсекке жіберіп қоятын кездері де болады. Мұндай жағдайда баланың ішкі жан-дүниесіне үңілген жөн. Өйткені көп жағдайда балалар жер ауыстырған кезде немесе өз үйінен жыраққа кеткенде осындай жағдай орын алып жатады. Дәрігерлердің зерттеуі бойынша, қуық безінің қабынуымен көбіне ер балалар ауырады екен. Себебі оларда өз-өзіне деген сенімділік кеш оянып, шешімді де дер  кезінде қабылдай алмайды. Сондықтан да кіші дәретін жіберіп қою ер балаларда жиі орын алады. Егер балаңыздың төсекке жібергенін қаламасаңыз мынадай әрекеттер жасауға болады. Таңертең ұйқыдан оянғанда  балаңыздың төсегі құрғақ болса, оны түрлі ойыншықтармен қызықтырып, бүгінгі шалбарға жіберіп қоймағаның үшін саған сыйлық деп айтып отырыңыз немесе армандап жүрген затын осы уақытта алып беуге болады. Осылай оның сенімділігін оятып, бірте-бірте кіші дәрет сындырғысы келетінін айтатын болады. Ескертетін жайт, балаға кіші дәрет жібергені үшін айқайлап, жазалаудың қажеті жоқ. Бұл балаға теріс әсер етеді. 

Қуықтың қабынуы – өте көп таралған аурулардың бірі. Көбіне кіші дәретке жиі барып, ауыратындардың ыстығы көтеріліп, тамаққа деген тәбеті болмайды. Мұндайда баланың тамақтану мәзірінен тұздалған, майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды шектеңіз. Оның орнына көбірек су ішкізіп, қуық безінің инфекциядан тазалануына көмектесіңіз. Сонымен қатар халық емінде қуықтың қабынуына итбүлдірген тұнбасының да көмегі зор. Ол үшін 1 шай қасық итбүлдірген жапырақтарына 1 стақан қайнаған су құйып, 15 минут тұндырып қойыңыз. Суығаннан кейін бір күн бойы балаға қасықтап беріңіз. Осылай балаңыз тез сауығып кетеді.    

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/36085/

жасым 38-де деп жазып отыр ғой

Ұқсас сұрақтар

...