0 дауыс
816 көрілді
С. Мұқанов "Ботакөз" романындағы образдарды талдау (Ботакөз,Асқар,Амантай) образдар керек еді

1 жауап

0 дауыс

Oбъективті сипат романдағы негізгі қаһармандардың бәрінің басынан байқалады. Әсіресе, Итбай, Амантай, Ботакөз, Темірбек, Кулаков бейнелері арқылы құбылыстың образдық моделі түзілген. Кузнецов революция үшін өмірін арнаса, Алексей Кулаков монархия жолында жан бермек. Екеуі ашық жүздеспейді. Бірақ көркем туындыдағы кереғар дүниетанымдық күрес басқа тұлғалардың арман-тілегі, әр алуан тағдырлары, ашық сөз эфирі, іс-қимыл нобайлары арқылы тұжырымдамалық шешіміне жетеді.

Мадияр, Сарыбас, Меделханов кейпіндегі алашордалық идея шығарманың мазмұн аясын өсіреді. Ушаков, Кошкин, Горбунов, харизматикалық әсері зор патша ағзам – екінші бір саяси-әлеуметтік жүйенің, яғни Ресей самодержавиесінің байырғы тұрақтылығына кепілдік берушілер. Лиза, Бүркітбай – мейлінше либералдық сипаттағы кейіпкерлер. Амантай адам мінез-құлқына саяси орта әсерін дәлелдейтін, амалсыздықтан, жалтақса да жаңа жағдайға ішкі түйсікпен ұмтылатын, алайда үлкен харакеттік, “биоэнергетикалық” мүмкіндігі мол жан. Асқар – о бастан ауытқымас сана жемісі, догма. Ботакөз – ұлттық намыс пен жалпыәлемдік зорлықтың тайталасында дүниеге келген соны шешім, революцияның жалынан ұстаған қазақ қызы. Әдеттегі қалыпқа сыймайтын ұғым болғандықтан, кентавр сияқты таңырқатар эмоциясы мол, сонымен де – жаңашыл бейне немесе нақты хронотоп, яғни мекеншақ аясындағы диалектикалық кернеу. Диалектикалық парадигма Итбай, Итбайдың әкесі – Байсақал мен Бүркітбай болмысына қатысты да аңғарылады. Өткені сол заманда төсек жаңғырту арманы барша қазақ байларына хас мінез болатын. Итбай соншалық кәрі емес және соншалық зұлымдыққа да бармайды. Өзі керемет ырымшыл. Ондай адам обал-сауапқа қарай алады. Оның үстіне қорқақ әрі аңғал. Ботакөз батылдығына тұсау болмайтын – осы жағдайлар. Ал Итбайдың әкесі Байсақал – баласы мен мұғалім, оқыған жігіт Асқар Досанов арасында татулық орнауын тілеумен болатын жуас қария. Үстем таптың жуандығынан гөрі көңіліндегі тілек, сөзге ілесу басым. Бүркітбай кедей болса да, әншейіндегі, ел арасындағы қызық-думанның ойсыз перісі. Оған ақ та, қызыл да бәрібір. Бұл да тарихи шындық болатын.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: *Emails are not allowed* 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/retailing/view/391

...