0 дауыс
929 көрілді
Суды ластайтын қандай органикалық қалдықтар бар?

1 жауап

0 дауыс

Нақты қысқаша жауап: Суды ластайтын негізгі органикалық  қалдықтар: Мұнай химиясының барлық өнімдерін өңдеу кезіндегі шайынды сулар (мысалы: мұнайды сусыздандыру, тұзсыздандыру процестерінен шығатын шайынды сулар) және дизель, керосин т.б. қосылыстар болуы мүмкін. Одан өзге спирт өндірісінде қолданылған қалдық сулар арнайы  тазартусыз өзен көлдің суына түсіп кету жағдайларында органикалық қалдықтар .

Толығырақ:

-Дүние жүзіндегі тіршіліктің негізі болып табылатын су әрі Жер шарында, әрі жанды атаулының денесінде көп орын алады. Судың ластануы бүкіл тіршіліктің ластануы деген мағынаны білдіреді.
-Судың сапасын бұзатын органикалық, анорганикалық, биологиялық және радиоактивті заттардың сумен араласуы су ластығы деп аталады. Физикалық және химиялық түрде ластанған су биологиялық тіршілікті бұзады. Лас судағы микро организмдер мен химиялық лас заттар жұқпалы ауруларға жол ашады.
-Су ластығының басты себептері:
- Тыңайтқыш себу сынды егіншілік жұмыстары
- Табиғи немесе жасанды топырақ эрозиясы
- Шіріген өсімдіктер
- Мал шаруашылығы қалдықтары
- Улы немесе химиялық қалдықтар
- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
- Түркияда әсіресе өнеркәсіп орындары су ластығына себеп болады. Сонымен бірге жоспардан тыс қала құрылысы да қалдық судың таза суға араласып, ластануына себеп болуда.

Соңғы жылдары өзен, көл, теңiз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негiзгi көздер төмендегiлер:

1) өндiрiс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар;

2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың iшiнде патогендi де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;

3) суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман-химия, мұнай өңдеу өнеркəсiптерiнiң ағызынды сулары.

Өндiрiстiң дамуына жəне суды пайдаланудың артуына байланысты ағызынды сулардың мөлшерi де артып отыр. 60 жылдардың өзiнде-ақ жыл сайын əлемде 700 млрд м3 ағызынды сулар жиналатын едi. Өзендердiң ластануы соңғы жылдары қатты байқалып отыр. Мысалы, тек қана Рейн өзенi жыл сайын 941 т. сынап, 1040 т. мышьяк, 1700 т. қорғасын, 1400 т. мыс, 13000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн т . түрлi тұздармен ластанады.

Жер бетiндегi ең лас — Жерорта теңiзi болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды əсерiнен ондағы балықтардың 80 процентi қырылып қалған. Кемелердiң апатқа ұшырауынан, танкер резервуарларын жуған судан жəне мұнай өндiру жұмыстары кезiнде жыл сайын Əлемдiк мұхит сулары 12-15 млн т. мұнаймен ластанады. Судың бетiндегi мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу процесiн бұзып, оттектiң жетiспеушiлiгiнен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады.

Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседi. Мал шаруашылығында түзiлген өлi органикалық заттар (көң, шiрiндi, мочевина) топырақтан суға түсiп, олардың көп массасы улы əсерi болмаса да, су экожүйелерiне едəуiр əсер етедi. Органикалық заттары бар ағызынды суда биогендi элементтер əсiресе, азот пен фосфор көп болады, олардың əсерiнен суда фитопланктон жаппай көбейiп дами бастайды, əсiресе көк жасыл, қоңыр балдырлар тез көбейiп, жоғарғы сатыдағы су өсiмдiктерiнiң қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл организмдер өсiп, дамып, өлiп, нəтижесiнде судағы органикалық заттардың массасы артады. Аэробты организмдердiң оттекпен тыныс алуы нəтижесiнде тез арада оттектiң жетiспеушiлiгi туындайды. Сондықтан су тiршiлiкке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. Бұл процесс эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация дегенiмiз — суда табиғи, не антропогендiк факторлар əсерiнен биогендi элементтердiң жинақталуы нəтижесiнде су объектiлерiнiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң артуы. Анаэробты процестер судың екiншi реттiк ластануы болып табылады. Эвтрофикация — суға оңай тотығатын минералды тыңайтқыштардың түсуi, не егiстiктерден азот пен фосфор тыңайтқыштарының шайылуы нəтижесiнде де болуы мүмкiн.

Табиғи суларда олардың өздiгiнен тазару құбылысы жүредi. Бiрақ бұл процесс өте жай жүредi. Өндiрiстiк-тұрмыстық қалдықтар мөлшерi салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздiгiнен тазару құбылысы жеткiлiктi дəрежеде жүрген болар едi. Бiрақ, өкiнiшке орай, қазiргi таңда ғылыми — техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейiнiң қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту жəне оларды қайтадан пайдалану қажеттiлiгi туындап отыр. Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделi процесс. Олар — механикалық, физико-химиялық жəне биологиялық болып бөлiнедi. Бұл əдiстердiң əрқайсысын таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты. Суды тазартудың механикалық əдiсi бойынша суды тұндыру жəне сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемi түрлi бөлшектер мөлшерiне қарай əртүрлi конструкциялы торлармен, су бетiлiк қоспалар — май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзiледi. Физико-химиялық əдiсте ағызынды сулардан ерiген органикалық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiнде ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлiнiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту əсiресе, қорғасын, мыс өнеркəсiптерi мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi. Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық əдiсте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор жəне оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты қосылыстары қолданылады. Суды тазартудың биологиялық əдiсi сулардың биохимиялық жəне физиологиялық өздiгiнен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негiзделген. Ағызынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бiрнеше типтерi бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантэнклер.

Ұқсас сұрақтар

...