+2 дауыс
8.3k көрілді
Ауылдағы мөлдір бұлақ суымен, қаладағы судың айырмашылығы жер мен көктей. Қаланың суын ішіп бүйрегіңе тас пайда болып қала ма деп әжем 10литр су беріп жіберіп еді, таусылып қалды. Пәтердегі су құм болып па ,біртүрлі дәмі бар болып па ағады. Фильтр жоқ.Фильтрсіз қалай таза су ішуге болады?
Барлық жауаптар үшін рахмет.  Осында айтылған әдістерді қолданып көрейін.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Пәтердегі кранның суын ішкің келсе,баклашканың түбін кесіп алып тастап,аузына тығыздап таза мақта тығып,3литрлік банкіге аузын төмен қаратып салып қой да, баклашкаға су құйып қой.Су мақтадан жәймен сүзіліп банкіге ағады,солай тазартып ішесін.
Мақта таза мекен...
Медицинада қолданылатын таза мақталар барғой
+2 дауыс
Ауылдағы бұлақ суы- таза, жер астынан шыққан тұщы су. Ал қаладағы су- құрамында бірнеше химиялық элементтер бар. Оларды тазарту үшін хим. қоспалар қосады. Таза қылып ішу үшін қаладағы суды қайнатып, мұздатып ішіп көр. Мен өзім сүйтемін...
Қайнаған суды суытып оны холодилникте Мұздатып ((мұз)) қайта ертіп ішу...
Қала пәтерлеріндегі сулар арнайы су тазарту мекемелерінен (водасборная станция) химиялық,бактерологиялық қондырғылар арқылы тазартылып барып тұтынушыға ұсынылады, қазір бұрынғыдай хлорлы сүзгілер қолданылмайды. Сондықтан еш қауіпсіз қолдана беруге болады деп ойлаймын.
хлор ағып жатады ғой кейде
+1 дауыс
Көркем қыз! Әжең дұрыс айтады. Тазартылмаған суды ішкеннен бүйрекке құм жиналып, тас байланады. Сондықтан 5 литрлік баклажкадағы "Тассай" сияқты газдалмаған ауыз суды ішкен дұрыс. Болмаса "Аквалайн" сияқты фирмалар тазартылған су сатады, солардан ал.
+3 дауыс

Негізі үйдегі насос құдықтан алынатын сулар  көп аймақтарда құм,саз қабаттары арқылы сүзіліп шығатын  болғандықтан таза,ішуге жарамды болып саналады. Ал енді кейбір аймақтарда су сапасы айтарлықтай таза болмайтыны (түсі сарғыш,жағымсыз иіс,дәм, лайлы т.с.с.) кездесіп жатады. Ондай жағдайда суды сүзіп тазарту қажеттігі туындайды, сол кезде қолда арнайы сүзгі (фильтр) болмаса не істейміз деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Менімше Көркем осы жайлы сұрап отыр деп ойлаймын. Бұндай жағдайда 20 литрлік ыдысқа әлгі сапасыз суды құйып оған бір шай қасық марганцовқа қосып араластырып 6 сағатқа тұндырып қою керек. Айтылған уақыт өткеннен соң жоғарыдағы Назымбек айтқан әдіспен таза медициналық мақта арқылы сүзіп алу керек. Дұрыс орындалса су сапасы тура дүкендегі сатылатын құтыдағы суларға жетеқабыл болатындығына кепілдік беремін. Әбден сыннан өткен әдіс.
 

0 дауыс

Су ды шайнекке куйып кайнатамыз сосын кайнаган суды бир банкише куйып салкын жерге коясыз!!!!!Онай:-)

...