0 дауыс
471 көрілді
антибиотик тузушы микроорганизм осы суракка жауап керек

1 жауап

0 дауыс

Антибмотиктердің көпшілігін биосинтездеу арқылы алады. Онда актиномицеттер, саңырауқұлақтар және бактериялардың микроорганизмдері қолданылады. Бағалы антибиотиктердің көпшілігі актиномицет культурасынан алынады.

Антибиотиктер табиғатта кең таралған. Actinomycetales актиномицет-продуцентінің қазіргі кезде 20 жуық түрі белгілі. Соңғы уақытта Actinomycetales түріндегі актиномицеттерден басқа да антибиотик продуценттері табылады. Оларға: Micromonospora (гентамицин продуценті), Chainia (абурамицин продуценті) және т.б. жатады.

Актиномицеттерді көптеген табиғи субстраттарынан кездестіруге болады. Олар аэробты және микроаэрафиьді болып келеді. Олардың оптимальды температурасы 25-30°С. Сонымен бірге термофильді актиномицеттерде бар. Бірақ олар 60°С жоғары температурада өсіп дамиды. Актиномицеттердің көпшілігі рН 6,8-7,5 өседі.

Сәулелі саңырауқұлақтардың құрылысы зең саңырауқұлақтарының құрылысын ұқсайды. Олар агарлы ортада өседі де коллоналар түзеді: субстратты мицелий жуан жібшелі гибтер бөлек жиналады. Субстратты мицелиде (біріншілік) ереже бойынша онда ауалы мицелилер өседі. Онда спора түзілу процесі жүреді (Candida).

Актиномицет споралары тік, иректелген және спираль тәрізді болады да, ауа мицелиясын моноподиалді, симподиальды, дихотоминді орналасады. Актиномицет колоналары-тығыз болады. Гиф мицелиясы субстраттың ені 0,3-0,8 мм, ауада 1,4 мк дейін болады. Ауа мицелиясы кейде колоналардың бетін тегіс жаппайды және мүлдем болмауы да мүмкін. Актиномицеттерден пайда болған еріген пигменттерді мицелияны бояу әртүрлі болуы мүмкін. Олар споралар сияқты вегатативті және жыныссық жолмен көбейеді. Актиномицеттерді жынысты жолмен көбейту әлі дәлелденбеген. Споралар фрагментация жолымен формаланады.

Спораладың формалары шар, цилиндр тәрізді және т.б. болады. Спораларды электрондық микроскоптордың көмегімен зерттегенде олардың қабықшалары жұмсақ, шашақ тәрізді болып келетіні байқалады. Қатты қоректік ортаны зең саңырауқұлақтарының өсуі және қыздырғанда споралардың сезімталдылығы актиномицеттердің құрылысына ұқсас болып келеді.

Толығырақ: https://kazaksha.info/%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F-%D1%80%D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80/%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80/

...