0 дауыс
2.7k көрілді
Нан өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер туралы реферат немесе акпарат

1 жауап

0 дауыс

Нан ашытқы өндірісі микробиологиялық процесс болып келеді: бұл ашытқылардың көбею процесі. Нан ашытқылары бірнеше өндіріс орындарында қолданылады, бірақ негізгі қолданылатын жері нан ашыту өндірісі. Онда жұмыстың негіізгі мақсаты- жақсы , сапалы өнім алу. 

Нан ашытқысы өндірісінде сұйық, престелген және құрғақ ашытқы өндіріледі. Негізінен олар нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витаминдер өндірісінде Д және В витаминдерін алуда , медицинада бірқатар емдік препараттар, нуклейн қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда , микробиологиялық синтездеуде қоректік орталарды дайындау үшін және ауыл шаруашылында кеңінен қолданылады.

...