0 дауыс
409 көрілді

Гидротазалау кезіңде пайда болған күкіртсутекті сутектен қалай бөліп алады?

1 жауап

0 дауыс

Гидротазалау– мұнай өнімдерін тазалау мақсатында оған 250 – 420°С температура мен 2 – 5 МПа қысымда катализатор арқылы сутекпен әсер ету процесі. Оның нәтижесінде мұнай өнімдеріндегі қоспалар гидрогенолизге ұшырап, көмірсутектер мен оңай ұшатын заттар (NH3, H2O, H2S) Табиғи және іліспе мұнай (яғни мұнай төтел) көмірсутек газдары отын және мұнай химиясының шикі затын өндіруде өте құнды шикі заттарға жатады. Бұл газдарды алғашқы өңдеудің негізгі өнімдері – газ бензині, сұйытылған және құрғақ газдар, техникалық жеке көмірсутектері: пропан, н-бутан, изобутан, пентан. Табиғи және іліспе мұнай газдарын газ өңдеу зауыттарында, мұнай және газдардың үлкен кеніштерінде орналасқан іске асырады. Өнімдердің сапасын арттыру және газ өңдеу зауыттарының құрал – жабдықтарын пайдалану жағдайларын жақсарту мақсатында, көмірсутекті газдарды механикалық қоспалардан (қалқып жүрген шаң, құм, газ құбырының өнімдерінің бөлшектерінен және т.б.) алдын-ала тазалайды, құрғатады және одан кейін күкіртті сутегінен және көміртегінің қос оксидінен тазалайды. Кен орындарында мұнай төтелдерден жоғарғы, орта және төменгі қысымды баспалдақтарға түседі, мұнда қысымның күрт төмендеуінің нәтижесінде одан еріген газдар бөлінеді де газ өңдеу зауытына жіберіледі. Мұнай одан әрі резервуарларға беріледі, мұнда одан судың негізгі бөлігі бөлінеді де тұрақтандыруға жіберіледі, яғни жеңіл компоненттерді бөлуге: этанды, пропанды, бутандарды және аздап пентандарды. Тұрақтанғанмұнайды мұнай өңдеу зауытына айдайды, ал тұрақтанудан бөлінген газдар газ өңдеу зауыттарының шикізаты болады. Табиғи жанғыш газдар негізінен метаннан, этаннан, пропаннан және бутаннан тұрады, кейбір кездерде сұйық көмірсутектерінің қоспасы болады. Табиғи жанғыш газдардың кен орындары, басқа пайдалы қазбалармен байланыссыз, газдар жиынтығынан тұратын газды кен орнына; газ көмірсутектері мұнайда еріген немесе мұнай кенінің бетінде газ шапкасы деп аталатын газмұнайлы түріне; газ сұйық көмірсутектерімен қаныққан, газконденсатты түріне бөлінеді.

...