0 дауыс
765 көрілді

Жобалау жұмысы қандай бөлшектерден тұрады?

1 жауап

0 дауыс

Жобалау жұмысы 

Белгілі бір обьектті жобалай отырып, біз компанияның жобаға дейінгі құжаттарды әзірлеу, құрылыс үшін учаскені таңдау, учаскеде зерттеу жұмыстарын жүргізу, технологиялардың (қондырғылар мен өндіріс) негізгі жобаларын құру, кеңейтілген базалық жобаны жасау, егжей-тегжейлі жобаны әзірлеу, жабдықты таңдау секілді жұмыстарды жүргіземіз.

Жобаның инвестиция алдындағы фазасында екі негізгі міндет шешіледі:

<!--[if !supportLists]-->·     <!--[endif]-->жобаның инвестициялық сатысына көшудің орындылығы туралы шешімді негіздеу және қабылдау

<!--[if !supportLists]-->·     <!--[endif]-->құрылысты жобалық дайындау үшін қажетті жобалау алдындағы құжаттамаларды әзірлеу.

Жобаға талдау жүргізу

Жобалық талдау болашақ жобаны жан-жақты зерттеу, оның құндылығы мен нәтижесін болжау үшін инвестициялық фазаның инвестициялау алдындағы да, жобалық сатыларында да жүргізіледі.

Жобалық талдаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->техникалық,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->қаржылық,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->коммерциялық,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->экологиялық,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->ұйымдастырушылық,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->әлеуметтік,

<!--[if !supportLists]-->·        <!--[endif]-->экономикалық

Инвестициялық жобаларды техникалық талдау аясында: техникалық-технологиялық баламалар, орналасу нұсқалары, жобаның мөлшері (ауқымы, көлемі), жобаны тұтастай іске асыру мерзімдері және оның фазалары, шикізат көздерінің, еңбек және басқа да ресурстардың қолжетімділігі мен жеткіліктілігі, жоба өнімдері үшін нарық сыйымдылығы, күтпеген факторларды ескере отырып, жобаға арналған шығындар, жоба бойынша жұмыс кестесі қарастырылады.

Коммерциялық анализ.  Оның міндеті – өнім мен қызмет көрсетудің соңғы тұтынушылары тұрғысынан жобаны бағалау. Жалпы түрде шешілетін жағдайда үш міндеттері жинақтауға болады: маркетинг, ресурстарды алу  көздері мен шарттары, өндіріс және өткізу шарттары.

Экологиялық талдау жобалық талдауда ерекше орын алады, өйткені адам қызметінің қоршаған ортаға әсері жеткілікті зерттелмеген және ең бастысы экологиялық тұрғыдан шешілмеген мәселелер қоршаған ортада қайтымсыз өзгерістерге әкеп соқтырады.

Ұйымдастырушылық талдау–ұйымдастыру, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайды бағалау, оның, сондай-ақ менеджмент, ұйымдастыру құрылымы, жоспарлау, персоналды жинақтау және оқыту, қаржы қызметі, саясат бөлігінде қажетті ұсынымдар әзірлеу.

Әлеуметтік талдау – жоба жоспарының нұсқаларының оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Әлеуметтік талдаудың нәтижелері жоба мен оның пайдаланушылары арасындағы өзара іс-қимыл стратегиясын құру және жобаның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін халықты қолдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Авторлық қадағалау шарт негізінде жүзеге асырылады және, әдетте, объектіні салу және пайдалануға берудің бүкіл кезеңі ішінде, ал қажет болған жағдайда оны пайдаланудың бастапқы кезеңі ішінде жүргізіледі.Жобалау ұйымының басшылығы тағайындайтын жұмыс құжаттамаларын әзірлеуші-мамандар авторлық қадағалауды жүзеге асырады. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын мамандардың басшысы, әдетте, жобаның бас инженері болып табылады.

...