0 дауыс
580 көрілді
Аузымды Бекіттім Бірақ Ауырып Калдым Калған Кундер Қарызбоп есептелема?

Қарыз боп есептелема?

1 жауап

0 дауыс

– Денсаулығына байланысты ораза ұстай алмаған жандар парызын қалай өтейді?

– Ең алдымен ораза деген сөздің өзінің түсінігі, ішіп-жеуден, сол сияқты шариғат тыйым салған харам нәрселерден өзін-өзі тыю. Ол мейлі өсек, ғайбат сөз болсын, ол мейлі жаман іс-әрекет пе, харам болған тағам ба, кез келген зиян нәрселерден адам тыйылуы тиіс. Түрлі ғайбаттарды сөйлемей, ауыз оразасын жасауы керек. Түрлі өсек-аяңдарды естімей, құлақ оразасын жасау керек. Бұл тізімге көз оразасы да қосылады, күнәлі нәрселерге қарамау үшін. Сондықтан ораза ұстаған адам жан дүниесін тазартуға ниеттеніп, бүкіл жаман нәрселерден бойын аулақ салуы қажет.

Ораза негізі исламдағы 5 үстіннің (парыздың) үшіншісі. Оны ұстау әрбір мұсылманға парыз. Бұған қасиетті құраннан бірнеше дәлелдер бар. Мәселен, Бақара сүресінде: «Сіздерге ораза ұстау парыз етілді, сіздерден бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгендей. Әрине, тақуалықтан үмітті болсаңдар» деген аят бар.

Жалпы, ежелгі мексикандықтар, ежелгі ассириялықтар, соның ішінде тауратта, інжілде яғни барлық дінде ораза ұстау ерте кезден болған. Дегенмен исламнан өзге діндегілер ежелде белгілі нәрселерден өздерін 15 күн тыйған. Ал 30 күндік ораза тек мұсылмандарға ғана берілген. Сондықтан 30 күн оразаны тұту парыз. Хадистен дәлел келтірер болсақ, Мұхаммед (ғ.с.ғ.) хадисінде исламның 5 үстіні бар. Ол – Аллаға иман келтіру, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару. Шамасы жеткен адам өмірінде бір рет қажылық амалын жасауы парыз. Пайғамбарымыздың осы айтқаны оразаның парыз екеніне дәлел. Ал осы амалдарды жасай алмайтын жағдайда, мәселен, әйел адамдарда 30 күн оразаны толығымен өтеп шығатын мүмкіншілік бола бермейді. Бала емізген кезде ораза үзіледі, сондай-ақ әйелдердің осы сияқты ораза тұта алмайтын жағдайлары болады. Сол сияқты ер адамдардың да көбіне денсаулығына байланысты, болмаса сапарға шыққан кезде ұстай алмайтын себептері болады. Ондай мұсылмандар міндетті түрде өтеуін жасауы керек. Күніне бір адамның таңғы сәресі мен кешкі ауызашар тағамын көтеруі тиіс немесе жағдайы жоқ 60 адамды тамақтандыруы қажет. Сол кезде ғана парызы өтеледі. Болмаса, таңғы сәре мен кешкі ауызашарға кететін шығынның көлемін есептеп, сол соманы мүсәпір жанға садақа ретінде беруіне болады. Әрине, бұл ораза ұстауға шамасы жетпейтіндер үшін. Ал ораза ұстауға мүмкіншілігі бар, денсаулығы дұрыс адамға мұндай амал қабыл болмайды. Сондықтан жағдай болып, денсаулық көтерсе, ораза ұстау міндетті.

– Ораза бұзылғанда оның қазасы қалай өтеледі?

– Ораза түрлі жағдайлармен бұзылады. Ауырып қалады болмаса жолсапарға шығып кетеді. Егер сапарға шыққанда қиналмайтынына көзі жеткен адам оразаны бұзбай-ақ тұта беруіне болады. Ал қиналып қалатынына көзі жеткендер амалсыз ашуға мәжбүр. Егер Алланың әміріне қарсы шығып, әдейілеп ауызын ашып жібергендер бір күнге 60 күннен ораза тұтады. Сондықтан оразада әдейілеп деген нәрсе болмауы тиіс. Ешкімде бекерден-бекер аузын ашпайды. Оның белгілі бір себебі болуы керек.

Сондай-ақ белгілі себеппен ашып жіберген жағдайда оның өтеуі болады. Яғни, қарыз адамдар Рамазан айы біткеннен кейін, айт намазы оқылып, айт мейрамы өтісімен өтеуін жалғастыра алады. Келесі жылдың оразасына дейін қарыз күндерін өтеуге оған мүмкіншілік бар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
...