Айран ұйыттым, бірақ іртігі бар. Не істеуге болады?

0 дауыс
2.0k қаралым
Айран ұйыттым, бірақ іртігі бар. Соңына дейін ұйытылмаған сияқты, не істеуіме болады? Айранды тоңазытқышқа қойғам, енді алып қарасам солай болып тұр
Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс

 Айран ұйыту тәсілі  

✔ ҚҰРАМЫ: ➖ Сүт — 2 литр ➖ Активиа айраны — 150 гр. 

✔ Дайындау жолы: 

✔ 1. Жалпы айран ұйытатын болсаңыз табиғи қолдың сүті мен айранымен ұйытқан жөн. Себебі онда барлық дәрумендер сақталған және ұйығанда да қою болып шығады. Бірақ қазіргі таңда жақын жерден қолдың сүтін табу қиынға соққандықтан, тетрақалтадағы сүттермен ұйыту әдісімен бөліскім келіп отыр. Ол үшін » Петропавловское» сүтінің 6%-дығын алып жай ғана 37 градусқа дейін жылытамыз. Яғни саусағыңызды сүтке салып, 10-ға дейін санағанда саусағыңыз күймесе, онда сүтіңіз ұйытуға дайын деген сөз. Егер қолдың сүтімен ұйытатын болсаңыз, онда сүтті міндетті түрде қайнатып, 37 градусқа дейін салқындатып барып ұйыту қажет.
ЕСКЕРТУ: Басқа 6%-дық сүттер дұрыс ұйымайды. Сондықтан тек » Петропавловское» сүтін қолданғаныңыз жөн.

 ✔ 2. Активианы алып, 2 литр жылы сүтке құйып, әбден араласытрып, жылы жерге қойыңыз немесе орап қойыңыз. 5-6 сағаттан кейін, айранымыз ұйып, жартылай дайын болады. Яғни, ұйыған айранды одан сайын қоюлануы үшін, 2-3 сағатқа тоңазытқышқа қою керек. ✔ 3. Тоңазытқыштан шыққан айранды араластырып, кесеге құйып, ұсынуға болады.
АС БОЛСЫН! 

https://vk.com/wall-72463717_118685

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы