+2 дауыс
35.9k көрілді

Айран қалай жасалынады, қандай жолдарын айта аласыз?

14 жауап

+2 дауыс

Сүтті ұйтыңыз... angel сонда айран болады 

+2 дауыс

Анамның айран ұйытып жатқанын көргенмін. Ең алдымен сүтті пісіреді (қайнатады), кейін сәл суытып, ұйытқы қосады. Сосын жылы киімдермен (тон сияқты) жауып қояды.

Ұйытқы қалай айранды ұйытады?
+3 дауыс

Сүтті пісіреді. Сосын сәл суытып аласыз. Содан кейін ұйыту үшін 1-2 қасық айранмен араластырасыз. Сосын сыртын бір нәрсемен жауып қоясыз.

+3 дауыс
жок сіздерге қосылмайм ! Айранды қалай жайсайды ? мысалға сиырдан жаңа сауған сүтті марла немесе баска шүберектен өткізіп тазартып аламыз содан кубіге құйып арластырады (күбі ағаштан жасалған көне зат) сол күбіде пісіріліп жатқанда сары май бөлініп шығады, біраз арластырғаннан кейін айран бола бастайды !
Қазіргі уақытта тіптен олай жасамайды гой, шына келсек.
Оны іркіт дейді айналайын қызылорданыкісің ау сірә қазақ тілі бай тіл емеспе неге осылай бір атауды бір екі затқа бұрмалайсыңдар? Сендердің қазақилықтарың қайда
+3 дауыс
жарты кесе айранды құйып ұйытады пісіп суыған сүтке. Қалай ұйытады дейсізбе? мынадай мақал бар емеспе "бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді" деген, сол сияқты жарты кесе кішкене ғана айран бір қазан сүтті ұйытады.
jaksi kosilam jaraisin ))))
+4 дауыс
Сендер қудыңдар, ие мен қуам. )))
Әкем 10 жыл мал бақты, шешем 15 жыл сауыншы болды. Шүкір, қазір ауылда сиыр бар. Біз жақта (Қызылорда обл. Сырдария ауд.) сіздердің айран деп отырғандарыңызды қатық дейді (басқа жерлерде іркіт деп айтады). Пісірілген жылы сүтке 1 асқасық ұйытқы салып араластырады да, қақпағын жауып, сыртын орап қояды. Жылылығын ұзақ сақтау үшін. Арада 5-6 сағат өткен соң сүт ұйыйды. Ұйытылғасын ол қатық деп аталады. Жақсы ұйытылған қатыққа қасық шаншысаң құламайды. Дүкендерде сатылып жүрген "Биос", "Любимое" дегендер сол қатық. Енді қатықты айранға айналдыру үшін оны күбіге құямыз. Әдетте қатықтың бетінде 1-2 елі қаймағы болады. Сарымайға айналатыны сол. Күбідегі қатыққа аздап ысқылтым су құямыз. Піспекпен әбден майы шыққанша пісеміз (артық түртіп қозғауға болмайды. Майы ыдырап кетеді). Толық (30 минуттай) пісілгенде бетіне кәдімгі біз нанға жағып жейтін май пайда болады. Ыдысқа аударып аламыз да, майын жиып аламыз. Майды салқын сумен ашайып, тұздайды, дайын. Айран да дайын. Қатыққа қарағанда қымыз сияқты сұйықтау болады. Уақыт өте келе қышқыл татып, аши бастайды. Осы дайын айраннан тағы үш тағам дайындауға болады. Біріншісі, шалап (әдебиетте кедейдің асы делінеді. М. Мағауинның "Аласапыран" романында айтылған). Ол үшін аздаған қайнаған су қосса жеткілікті. Мен қазір шығып жатқан "Таң", "Тандем" дегендерді мысалға келтіре аламын. Екіншісі, сүзбе. Айранды шүберек қалтаға құйып қойса, сарысуы ағып кетеді де, қалтада кәдімгі сүзбе қалады. Үшіншісі, құрт. Айранды қазанға құйып қайнатамыз. Ол іртік-іртік нәрсеге айналады. Қалтаға құямыз да, сүзіп қоямыз. Сарысуынан айрылған бұл қайнатылған айраннан кәдімгі құрт пайда болады.
Жұтынбаңдар )))
Nurlandos ,, Біз жақта (Қызылорда обл. Сырдария ауданы)
ауданнын кай жагынан боласын, өзінен ба?
Тамаша жауап,респект!
Шаған ауылынан
Зауыттарда да осы тәсіл арқылы алына ма ? ))
0 дауыс
Термостатты тәсіл. Термостатты тәсіл мынадай операциялардан түрады: шикізатты қабылдау және дайындау, нормализациялау, тазарту, гомогенизация, пастреизация, ұйыту температурасына дейін салқындату, ыдысқа құю. Айранды термостатты тәсілмен өндіру технологиясы сүтті ұйыту процесімен ерекшеленеді. Сүтті майда ыдыста ұйытады. Сүтті жазда 17-20°С, ал қыста 22-25°С температурада ұйытады. Сүтке ашытқы қосқан соң, қоспаны ыдысқа құйып қақпақпен жауып, термостатты камераға жіберіп ұйытады. Термостатта жазда температура 17-20°С, ал қыста 22-25°С болу керек. Ұю нәтижесі қышқылдылығы және ұйытқының тығыздығы бойынша анықталады. Қышқылдылығы 75-80°Т жеткенде айранды температурасы 8°С салқын камераға жібереді. Сол температурада айранды жетілдіреді. *. Сепарациялау және нормализациялау (30-40°С); *. Гомогенизациялау (45-48°С); *. Пастеризациялау (85-87°С); *. Ұйыту температурасына дейін салқындату (28-32°С); *. Ұйыту ашытқы дайындау. Ұю (12сағат) *. Араластыру және салқындату; *. Ыдысқа тасымалдау.
0 дауыс
Айран өндірісінде сүтті 20-25°С температурада ұйытады. Ашытқыны ағымдық немесе басқа тәсілдермен сүтті үздіксіз араластырып, сүтті біраз уақытқа қалдырады. Сүттің қышқылдылығы 85-100°С- қа жеткенде, ұю процесі аяқталды деп есептеледі. Сүттің қышқылдылығы қажетті мәнге жетіп, консистенциясы тығыздалып болғанда, айранды салқындату үшін мұздай суға жібереді. Сосын айранды араластырады да, қайтадан жетілу үшін тыныштық күйде қалдырады. Жетілу ұзақтығы айранның жетілу дәрежесіне байланысты. Жетілу процесі аяқталғанда, айран салқындатылып (5-8°С) ыдысқа құйылады.
0 дауыс
Технологиялық ережелер сақталмағанда айран бұзылып кетеді де, ондай бұзылған айранды тұтынуға болмайды. Раманаускас Р.И. пайымдауы бойынша айранның микрофлорасы: 1. Lactobacillus bulgaricum. (28,5%) 2. Steptoccus Lactis. (35,7%) 3. Steptococcus diacetilactis. (21,4%) 4. Saccharomyces Kefiri. (14,2%) 5. Белок жиынтығы Сүтқышқылды сусындарды алудың екі технологиясы белгілі: 1. Резервуарлы тәсіл. Айранды бұл тәсілмен өндіру 3 негізгі операциядан тұрады: - Сүтті дайындау; - Сүтті ұйыту және үлкен сыйымдылықта жетілдіру; - Дайын сусынды ыдысқа құю, сақтау. Ең негізгі процесс сүтті үлкен сыйымдылықта ұйыту, жетілдіру.
0 дауыс
Айранның дәмін, сапасын жақсарту мақсатында қазір зауыттарда оны даярлау технологиясын да аздап өзгертті. Ол үшін алдымен айранға тән микроорганизмдердің тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасалады. Температура +20 -22° төмендетіледі. Өйткені жоғары температурада ашытылатын болса, сүт қышқылы бактериялары тез арада айран ашытқы саңырауқұлақтарының тіршілігін баяулатып тастайды. Айран даярлау барысында ондағы белок заттары аздап ыдырап, амин қышкылдарына айналады. Бұл тағамның сіңімділігін арттырады. Ұю және даяр болу уақытына байланысты айранды бір күндік, екі күндік және үш күндік, яғни күшті айран деп бөледі
0 дауыс
Сонымен қатар ацидофиль айранын мал шаруашылығында жас төлдерді азықтандыруға да қолданылады. Бұл адамдарды асқазан ауруларынан сақтандырады. Айран дайындау үшін қайнатылған сүтке ашытқы саңырауқұлақтарын және сүт қышқылы бактерияларын қосып ұйытады. Айран даярлауда екі процесс, яғни сүт қышқылы және спирттік ашу процестері қатар жүреді. Мұнда температураның зор маңызы бар. Өйткені 20°-та сүт қышқылы ашу процесі жүреді, ал температура +15°-тан төмендегенде спирттік ашу процесіне қолайлы жағдай туады. Айран — өте дәмді, аздап қышкылдау, қою сусын. Онда 1 %-тей спирт, 1 %-тей сүт қышқылы болады.
0 дауыс
Айран қышқыл сүт тағамдарына жатады. Оны даярлау үшін қайнатылған сүтке ашытқы саңырауқұлақтарын және сүт қышқылы бактерияларын қосып ұйытады. Айранға тән микроорганизмдер – Streptococcus lactis, Lactobacillus, ашытқылар т.б. Айран ұйыту үшін сүтті алдымен +85-90°-та пастеризациялайды. Пастеризацияланған сүтті 10-15 минуттай салқындатады. Сонда сүт температурасы +30°-қа төмендейді. Бұған таза сүт қышқылды бактерияларынан даярланған ұйытқы қосылады да, 6-8 сағат ішінде сүт ұйып, айран болады. Оны салқын жерде сақтайды. Сүт қышқылы микробтарының ішінен ұйытқыға болгар таяқшасын қолданады. Қаймақ және сүзбе жасауда да осы микроорганизмдер қатысады. Бұл тағамдар көп уақытқа шыдамай бұзылып кететін болғандықтан, белгілі бір уақыт ішінде оларды тұтынуға жіберіп отыру керек. Пастеризацияланған сүттен ацидофиль айранын да жасайды. Ол болгар таяқшасының қатысуымен жасалған айранға өте ұқсас болады. Ацидофиль таяқшалары +37—40°-та сүтті бірқалыпты, созылмалы ұйытылған өнім ацидофилин деп аталады. Ацидофиль таяқшалары бар жерде шіріту бактерияларының тіршілігі тежеледі. Міне, ацидофиль таяқшаларының осындай қасиеті анықталғаннан кейін, оның қатысуымен даярланған айранды асқазаны ауру адамдарға және жас балаларға шипа ретінде қолдану ұсынылды.
0 дауыс
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.
0 дауыс
Сүт-қайнату-суыту-ұйыту-жылы сақтау-айран
...