0 дауыс
2.2k көрілді
1. Ф-1 Жарықшақты қол гранатың арналуы мен ұрыстық қасиетін және құрылғысының ерекшеліктері неде?
2. ЖҚГҮТ тұтандырғышының құрылысы қандай?
3. Жарықшақты қол гранатасын лақтыруға қандай дайындық жүргізіледі?
4. Түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатаны лақтыру тәсілдері және жарақатталуы туралы айтыңдар?

1 жауап

0 дауыс

Сұрақтарыңызға жауапты осы мәтіннен таба аласыз:

Жарқыншақты қол гранаталары (граната – итальянның «түйіршік») жақын ұрыста қарсыластың тірі күшін жарқыншақтармен, қопарылыс туғызу арқылы атыс нүктелерін және әскери техникаларын жоюға арналған.

Граната конструкторлары.

капитан Рдултовский 1909ж.( 1912-1914жж. гранаталар) , Лемон(ағылшын) 1915ж., Франция( алғашқы Ф-1),Корешников(Запал, баяулатқышты 7секундтан - 3,5сек. азайтты)

Милсс (ағылшын, Милсс №5 гранатасы),М.Г.Дьяконов (РГД-33, РГД-5, РГД-2)

Р.Г. Коршунов,1942ж. (РГ-42, РГ-42в),Е.Вицени, Бедняков 1942ж. ( Запал УЗРГМ)

Гранаталар жарқыншақтын ұшу қашықтығына байланысты:

- шабуылдық (РГД-5, РГ-42, РГН);

- қорғаныстық (Ф-1, РГО, РГО) болып бөлінеді.

Гранаталардың пайдалану мақсатына қарай түрлері.

Жаяу әскерге қарсы (РГД-5, Ф-1, РГН, РГО, РГ-42);

Танкіге қарсы (РКГ-3, РГД-33);

Түтіндеткіш граната (РГД-2 алюминий ұнтағы, аммоний хлориді);

Дыбыстық ( құлаққа әсер ету үшін 140-160дБ).

Жарық беруші (белгіленген жерге жарық түсіру үшін).

Белгі беруші (әскердің шоғырын көрсету үшін).

Оқулық-имитациялық гранаталары (УРГ-Н, РГД-5 инертті гранатасы)

Өртегіш қоспалар (АСД-1 ампула стеклянная дистанционная 1942ж. «Молотов коктейлі»).

imageРГД-5 гранатасының құрылысы:

- корпус; - түптің пішпегі;

- тұтандырғыш; - запал;

- жарылғыш қоспа; - гранатаның түбі;

- қалпақ; - қалпақ ішпегі;

- тұтандырғыш түтігі;

Гранатты лақтыру төмендегі кезеңдерден тұрады:

- Гранатты арнайы сөмкеден алып сол қолдың алақанына салады.

- Оң қолмен сағат тіліне қарсы бұрау арқылы арнайы тығынды ажыратады.

- Босаған тығынның орнына арнайы сөмкеде орналасқан тұтандырғышты алып сағат тілінің

бағытында гранатаның корпусына бұрау арқылы бекітеді.

- Жарақталған гранатаны оң қолдың алақанына салып, сол қолмен

сақтандырғыш мұрындықты суырып алады.

- Оң қолдың алақанында орналасқан гранатаны тиісті нысанаға қарай

лақтыра отырып, өзі қауіпсіз жерге тығылады.

Тұтандырғыштың іске қосылу кезектілігі төмендегідей:

Соққыш – Капсюль тұтандырғыш – Баяулатқыш – Капсюль детонатор.

Ұрыстық гранаттарды лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

- үйренушінің болат дулыға(каска) киюі міндетті;

- гранаттар мен тұтандырғыштарды жарақтау алдында оның ақаусыздығына

көз жеткізу қажет;

- қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің

жетекшілігімен жарқыншақтар тесіп өтпейтін тасадан немесе

оқпаналардан жүргізіледі;

- бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде алдыңғы

гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін келесі

гранатты лақтыру керек;

- жарылмаған гранаттардың есебін жүргізіп, олардың түскен орынын қызыл

жалаумен белгілеу керек;

-лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі

артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау

және күтіп ұстау нұсқаулығындағы ережелерге сай түскен жерлерінде

жару қажет;

- гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

- қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жері

қоршаулы болуы керек;

- гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрам атыс шебінен қауіпсіз

жерде болуы міндетті:

- гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаумен, ал атыс

шебін - қызыл жалаумен белгілеу қажет;

- гранаттар мен тұтандырғыштарды оқ-дәрі беру пунктінің бастапқы орнынан

25 метр кем емес қашықтықта жарақтау міндеттеледі.

Гранаттарды лақтыру әдістері:

түрегеп тұрып лақтыру; тізерлеп тұрып лақтыру; жатқан қалыпта лақтыру;

қозғалыста ЖҰМ (БТР)-нан лақтыру; жаяу жүріп келе жатып лақтыру;

Қауіпсіздік шаралары:

- гранаталар арнайы сөмкеде болуы қажет;

- запал гранатадан бөлек орналасуы қажет;

- граната корпусында майысу, тот басу болмауы қажет;

- запалдарда қақ болмауы қажет;

- алып жүргенде гранаталарды ылғалдан, оттан, соқтығысудан сақтау қажет;

- гранатаны кептіруге болмайды;

Гранаттарды тасымалдау және күтіп-сақтау туралы мәлімет беру

.Ескерту: Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.

Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.

Гранаттың құрылысы.РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.

Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.

Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.

Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында — капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады.

Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2с.

Гранаттың құрылысы.Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы   РГД-5 гранаты сияқты.

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі. Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  • үйренуші болат дулыға киюі қажет;
  • гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;
  • қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
  • бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
  • егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.
  • жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
  • қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;
  • гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:
  • гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;
  • гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.
...