0 дауыс
564 көрілді
Инжиниринг түрлерінің қызметтерінің түрлері қандай болады?

1 жауап

0 дауыс

Инжиниринг-ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өндірістік деңгейге дейін жеткізетін, өндірістік, коммерциялық және ғылыми-техникалық сипаттағы кешенді қызметтер көрсету бойынша  қызмет түрі; нысанды пайдалануға қосу мен тапсырысшыға «кілтін» табыстау, нысанды тапсырғаннан кейін бақылау және кеңестер беру және т.б. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, техникалық тапсырмаларды жобалау жөніндегі үсыныстарды және өнеркәсіптік, басқа да нысандар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау, техникалық құжаттарды эзірлеу, техника және технология нысандарын жобалау және конструкторлық талдау, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары кезінде кеңес беру және авторлық бақылау орнату, экономикалық, қаржы және басқа сипаттағы ақыл-кеңес беру.

Инженерлер бүгінде физика және математика ғылымдарын есеп шешу мәселелеріне және даму үдерісін ары қарай жалғастыру үшін қолданады. Бүгінгі күні инженерлер өз атқаратын жұмыс бабына сәйкес білімдерін арттыру талабы тұр, сондықтан мамандығына сай жаңа ақпарат-материалдарын меңгеру олардың өмірінің соңына дейін жалғаса беретін үрдіске айналды.

Мәселе шешу Инженерлер бүгінде математика, логика, экономика. эмпирикалық білім, және өзге де білім салаларын мәселе шешу жолында қолдануда. Мәселе доменін анықтауда сәйкесінше жанасымды компьютерлік модельдер есепті анализдеуге және потенциялды есеп шешімдерін тестілеуге мүмкіндік береді.

...