0 дауыс
6.5k көрілді

Казак тилден уйге курттын пайдасы пен зиянын берди.Отинем комектесиндерши

1 жауап

0 дауыс

Құрт не туралы не білеміз

Құрт – кептірілген сүт өнімі. Оның құрамында кальций, А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Құрт – ақуызға бай, құнарлы тағам.

Оның қандай түрлері бар?

Жас құрт – жайғанына бір-екі күн ғана болған, әлі толық кеуіп үлгермеген құрт.
Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды.

Көбік – қайнап жатқан құрттың қалқып алынған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салт болған. Ол майлы болады.

Ыстық құрт – қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем.

Сықпа құрт - қайнатқан құрттан айырмашылығы, ашыған айранды қапқа құйып сүзіп тұздайды. Кейін әртүрлі формада бөлшектеп, сөреде кептіреді.

Малта – езілген құрттың түйіршіктері. Ол жұмсақ болып келеді. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Құрттың адам ағзасына пайдасы

Жазушы Жәди Шәкенұлы құрттың көшпенді қазақ өмірінде маңызды рөл атқарғанын айтады.

"Құрттың энергетикалық құндылығы өте жоғары. Сондықтан оны жорықтарда, аң аулау барысында, ұзақ сапарда, көште азық ретінде пайдаланған. Ол алып жүруге өте ыңғайлы. Малта құрт шөлдеген адамға сусын болған. Мысалы, өр мінезді ақын Махамбет Өтемісұлы "Ерлердің ісі бітер ме?" атты өлеңінде: Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай..." - деп құрттың тағамдық құндылығын өлеңге қосқан", - дейді ол.

Сондай-ақ жазушы құрттың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін түсіндірді.

"Ғылым тілімен түсіндірсек, құрттың адам ағзасындағы керексіз майларды ыдырататын қасиеті бар. Адам қанының қою болуы немесе қандағы май мөлшерінің артып кетуі деген мәселе бар. Оны ыдырататын заттар әдетте қымызда, саумал мен құрт, ірімшіктің сарысуында және құртта болады", - дейді Жәди Шәкенұлы.


Әрі қарай оқу: 

https://sputniknews.kz/society/20190721/11012604/qurttyn-densaulyqqa-qanday-paydasy-bar.html

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
...