+1 дауыс
1.2k көрілді
Сәлеметсіздер ме?Менын баламның жасы 6да.Баламнын басында шамалы суы бар дейді.Быр аяғын дурыс баса алмайды,журып келе жатып кулап кала береді.Аягынын дурыс жүре алмауы осы басындағы сумен байланысы бар ма?Бөпе кезінде черепной давлениесы және дисплазиясы болған,емдеткенбыз.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

– Негізі, бассүйек қысымы деген қалыпты жағдай. Кез келген адамның миында белгілі бір мөлшерде су болады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол су миды суарып, қоректендіріп тұрады. Бірақ кейбір балалардың миында анатомиялық патология болады. Яғни сол судың жүретін жолдары, арықтарының кейбір жерлерінде су өтетін жол тарылып қалады. Тәулігіне бір церкуляция жасап айналып тұратын су негізінен қаннан пайда болады. Ал мидағы судың жүретін жолдары жабылған соң, мидың қысымы көтеріледі. Мұндай жағдайда медицинада гидроцефилия деген диагноз қойылады. Бұл сәбидің бас сүйегінде ми сұйықтығының мөлшерден тыс жиналуы деген мағынаны білдіреді. Осының салдарынан ми қысымы көтеріліп, іші суға толып, мида ісік пайда болады. Басында суы көп нәрестенің еңбегі үлкейіп, көлемі жаңғақ секілді ісіп кетеді. Ал су көбейген сайын баланың миы өспей, дамуы тежеледі. Ми қызметінің бұзылуынан талма ауруы пайда болады. Бала мазасызданып жылайды, қалтырап-дірілдейді, ұйқысы қашады. Дертке дер кезінде ем қабылдамаса, көздің көру қабілеті де нашарлайды және бала қимыл-қозғалыссыз қалып, мүгедектікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан бала мазасызданып жылай берсе, қалтырап-дірілдесе, тырысқақ ұстайтын болса, бірден дәрігерге қаратып, емін толық алған жөн. Гидроцефилияны емдеу әрбір науқасқа жеке дара қарауды, кәсіби күтімді қажет етеді. Дәрігер аурудың нақты этиологиясын біліп, соған байланысты тиімді терапия курсын таңдау үшін науқасты диагностикалық тексерулерден өткізеді. Себебі ауызекі айтқан шағымдар мен сыртқы келбетке қарап көп жағдайда дұрыс диагноз қою мүмкін емес. Сондықтан зертханалық диагностикалық әдіске жүгінген жөн. Ол үшін баланы рентгенге, компьютерлік томографияға, магниттік-резонанстық томографияға түсіру қажет. Диагностика нәтижесінде дәрігерлер аурудың пайда болу себебін, түрін, сатысын (бастапқы, асқынған, туабітті, жүре пайда болған т.б.) анықтап, нақты емдеу курсын тағайындайды. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 1.02.2023 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.07.2020 Жалпы медицина сұрақ қойды
...