+2 дауыс
739 көрілді
Күндерім әйтеуір бірінен соң бірі өтіп жатыр, мен түкте бітіріп жатқан жоқпын. Ештенке жақпайды, бір дорбама керек заттарымды салып кетіп қалғым келіп тұр, басым ауған жаққа, бірақ аласырақ болса. Неге мұндай болып жүрмін өзімде білмеймін. Кімнің басында осындай кездер болды, көмектесіңізші не істесем болады?

3 жауап

+3 дауыс
О бауырым менде осы күйді кешіп жүрмін себебі не екенін түсіне алмай жүрмін мен шынымен өзімді түсінбей кеттім жалпы адамдар көп білуге талпынбаңдар зиян болады.
+2 дауыс
Менде сондай болып жүрдім. Адамды аздыратын дерт қой нағыз. Сүйікті спортпен айналасып едім, жайменен құтылып келе жатырм сол аурудан.
+5 дауыс
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.
Тамаша өлең!
Мұхтар Шахановтың еш өлеңі жаман болған емес....
...