+1 дауыс
326 көрілді
Телефонды 5-сыныпқа көшкенде ғана алып бердік. Оған дейін смарт сағат тақтық. Сол сағатымыз тыныш еді. Қауіпсіздік жағынан да, ыңғайлы, қолайлы болуы жағынан да. Бірақ, смартфон алғысы келді. Өйткені сыныпта 100% смартфон ұстайды. Кейбірі 1-сыныптан бастап-ақ ұстап жүр. Қазір күні-түні сол телефонына жабысып жүреді. Онысы маған ұнамайды. Бірақ одан қашып та құтыла алмайсың. Баласына мүлдем телефон ұстатпай өсірген не өсіріп жатқан ата-ана бар ма жалпы? Оның орнына қандай әдіс қолданады екен? Сондай-ақ, смартфонды “ақылмен” ұстауды үйретіп жатқан да адам керек.

Ұлыма қазірден мультик көрсетсем бе, жоқ па?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1,5 жасында телефонға қатты үйретіп алдық. Көзі ауырып, ашуланшақ боп бара жатқанын байқап ойландым. Қанша жыласа да, телефон сұраған уақытында көшеге ап шығып кетіп, әңгімелесіп жүретінмін. Осылайша телефон ұстау уақыты азая берді. Бір айдың ішінде мүлде сұрамайтын болды. Есесіне,көшенің "гүлі" боп алдық. Қазір тек "Балапан" көреді. 3-ке толамыз. Телефонды сұрап, көп ұзамай өзімізге қайтарады. Баланың уақытын тиімді қадағалап, айналаға қызықтырып, әңгімелесіп, көңіл бөлсек доғарады екен.
+1 дауыс
Мультик көрсету үшін міндетті түрде телефон алып берудің қажеті шамалы деп ойлаймын.
Смартфонның экраны кішкентай, көзге ауыр, сондықтан смарт теледидар, жалпы теледидарлар  мультик көрсеткенге сай келеді , әрі үлкендер де баланың не көріп отырғанын бақылай алады. Теледидар  телефонның орынына жарайды деп ойлаймын.
...