0 дауыс
2.4k көрілді

Еврейлер шашыраңқы өмір сүргендіктен, әрбір диаспораның өз тарихы бар. Қазақстанда да еврей халықтары өмір сүреді. Сонымен қатар, олардың балаларға қолданатын өзіндік тәлім-тәрбиелері, оны үйрету, сақтау тәсілдері де бар. Еврейлер қазіргі облыстық орталықтардың барлығында дерлік тұрады. Қоныстанудың бірінші кезеңі Ұлы Жібек жолының ашылуымен басталған болатын және ол 1917 жылы большевиктердің билікке келуіне дейін жалғасқан.

Аталмыш ел әлемінің түпкір-түпкірінде мекендейді. Қандай ортада өмір сүрмесін өз салттарын, ережелерін қатаң сақтайтын ұлт. Мысалы, ежелден бері еврейлерде сүндеттеу рәсімі сақталып келеді. Еврей заңдарына сәйкес ұлын әкесі сүндетке (хаттафат, дамбрит) отырғызады, бұл рәсім «мохел» деп аталды. Оны отбасы мүшесінен басқа адам да жасауына болады. Бұл рәсім балаға «барух хаба» («келушіге бата берілді») деп сәлемдесуден басталып, баланың денсаулығы үшін дұға қылумен аяқталады, осыдан кейін оның есімі жария етіледі. Сонымен қатар, бұл ұлтта үйлену тойы сән-салтанатты түрде өткізіледі. Ашық аспан астына көшпелі қалқа – хула орнатылады. Күйеу жігіт пен қалыңдықты некелестіретін раввин дауыстап неке келісімін немесе ксубуды оқиды. Еврейлер үшін кашера ұғымы өте маңызды болып табылады, яғни қандай да бір нәрсеге Галаха, яғни Тора мен Талмудадағы заңдар мен нормалар тұрғысынан рұқсат етілуі.

Жалпы бала дүниеге келгенде оның қабілетін, қызығушылығын бақылап, бағдар беріп отырады. Оларда баланы жай ғана тәрбиелеу емес, одан үлгілі, сыйлы тұлға шығаруға тырысады. Яғни, олардың түсінігіндегі бала – ақылды, парасатты, тәрбиелі, жан-жақты, білімді, күш-жігерлі, төзімді болуы шарт. Осындай нәтижеге жету үшін ата-аналар қатаң тәртіп пен жаза қолданады. Ең баса назар аударатыны – бала ешқашан жалған сөйлемеуі тиіс. Оны тек жаман қасиет деп қарамайды, баланың өзі тыныш ұйықтап, ертеңгі таңын еркіндікпен, адал аттыру үшін де деп есептейді. Еврей халқында үлкендер аса артық сөздерсіз, нақтылы, нақыл айтушылар. Баланы тәрбиелеу жүйесінде де әрбір сөзін ойланып, тұжырымды сөйлеумен қатар, істеген әрбір ісін үлгі тұтарлық етіп жасайды.

Тағы бір деректерде баласының қасиеттерін ескере отырып, алдағы өмірдегі мамандығын белгілеп, болашақтағы өмірін бір бағыттқа қоюды өз міндеттеріне алады.

Жалпы еврей халқының бала тәрбиелеу бойынша екі бағыты болады екен. Бірі – діни бағытта болса, екіншісі – заманауи. Тәрбиенің алғашқы түрі – діни бағыт. Мұндағы түсінік, махаббат пен билік. Яғни ата-ана баласына өз биліктері арқылы жаймен, түсінікті әрі сүйіспеншілікпен жеткізеді. Ата-ананың міндеті – баласын тура жолға салып, дұрыс бағыт бағдар беру.

Ал, бүгінгі заман талабына сай тәлім-тәрбие барысы – екіге бөлінеді. Олар: еркіндік және қаталдық. Фин жазушысы Туве Янсонның айтуынша: «Муми-ана – бұл бәріне әрқашан еркіндік беріп, ештеңеге тыйым салмайтын ана» деп жазған екен, осы қағиданы еврей халқының аналарына тән деседі. Ал қаталдық заңдылығы белгілі бір жерге баруға, одан асуға болмайтын кезде басталады. Ал баланың бөлмесін, ол өз қалауындағы еркіндігі деп санайды. Осы тәрбие бағытында нені жасауға болатынын немесе болмайтынын бірден және түгел айтады. Айтылған заттың қатал және ол ережені қайта қайталау керек еместігін ата-аналар бірден түсіндіреді.

Ата-аналардың көпшілігі діни бағытта балаларын тәрбилеуді жөн деп есептейді. Оған нақтырақ тоқталар болсақ:

1. Ішкі дүние тазалығы және әдемі келбетті сақтау. Мұның мәні қандай жағдай (ситуация) болмасын, түр-әлпетті жаман жағына қарай өзгертпеу. Онымен қоса құдайдың бар екеніне сену.
2. Қолда барыңа риза болу. 
3. Қарапайым болу. Қарапайымдылық – ақылыдылық пен сабырлылыққа әкелетін есік деп біледі.
4. Тәрбиелік және қоршаған ортаға деген мейірімділік. Еврейлер балаларын барлық жанды сыйлауға, құрметтеуге шақырады.
5. Сөйлеудегі тазалық. Адамның сөйлеу мәнері, мәдениеті – оның мінез-құлықын білдіреді деген тұжырым жасайды еврей халқы. Жақсы сөз сөйлеуші өзін тыныш, жақсы сезінеді екен.

Осы топтастырылған тұжырымдар әрбір бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан айтылып өтіледі екен. Тек қысқа, жұмбақтап емес, әрбіреуін терең талдап түсіндіреді.

Жалпы қай халық болмасын бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап, ұлтының болашағы ретінде жақсы азамат болып өсуі үшін өз қағидаттары мен заңдылықтары, әдет-ғұрыптарымен тәрбиелеген. 

3 жауап

0 дауыс

Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.

Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс¬ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп». Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек.

Әрине, жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу»
 

0 дауыс

Әңгіме бала тәрбиесі туралы болғандықтан өзгелердің пікірін білу мен үшін маңызды. Осы бағдарламаны оқып,ойлау қатары бойынша ой-өрісіміз ұлғая бастағалы не нәрсеге де жан-жақты сақтықпен қарауды ғана емес,нені қалай жақсартсам болады деген ойлану дағдысы қалыптаса бастады. Еврейлердің бала тәрбиесі туралы пікірі емес, мені ата-ана ретінде,әрине, мектеп оқушысы сонымен бірге,өзіміздің осы уақытқа дейінгі алған тәрбием көп ойландырады,сын көзбен де қарай бастадым. Бірақ менің не менің замандастарымның алғаны қазақ тәрбиесі ме? Әлде кеңестік жүйедегі қазақ тәрбиесі ме? Осы екеуінің арасында айырмашылық бар ма?

Еврейлер саныныың аздығына қарамастан(13.5 млн) қазір әлемде ұлт есебінде үлес салмағы қай деңгейде?
19 ғ дейін көшпенді қазақ бола тұрсақ та ұлан-ғайыр жерді жауға бермей ұстатқан қазақ аталарымыздың қандай тәрбиесі? Білімден кендеміз десек,осы бағдарламадағы оқыту мен оқу туралы заманауи әлемдегі жетістіктерге негізделген түйінді ой айтқан шетел оқымыстыларының пікірлеріне баламалы оқыту туралы пікір айтқан ағартушыларымызды көптеп тауып отырмыз. Қайталап айтам: айтқан. Сол білгенімізді қаншалықты қолдандық? Қолдана алатындай кеңестік білім жүйесінде еркіндігіміз болды ма ?Әлде шынымен де қанға сіңген өзіндік мені жоқ жасықпыз ба?

Жасық болсақ Махамбет пен Исатай, Сырымдар қайдан шықты?Олардың тағдыры немен аяқталды? Кешенді оқыту, қайталап оқыту ,пәндерді байланыстыра оқыту туралы Жүсіпбектің жазбалары неге сол кезеңде қолданылмады? Міне мен осы сұрақтардың жауабын өзімше табамын,тапқаннан кейін бағдарлама идеясына сәйкес икемді, заман ырғағына сәйкес дағдыларды ғана меңгеріп, мақсатқа ғана ұмтылу, тек нақты критерийлер қой да өз мақсатыңа жетуді ойла деген идеямен балаларды тәрбиелеу керек -ау деп заманауи ата-ана мен ұстаз болуды ойлап қоямын. Ал бала ше? Оны айтып отырған себебім: бірде 10 жастағы қызым ана, орыстар біздің тілімізді оқи ма? деген сұрақ қойды? жоқ дедім мен. Неге онда біз ол тілді оқимыз? Ал ағылшындар ше? Жоқ дедім мен.

Онда біз не себепті оқимыз? Себебі көп тілді білу әлемде еркін жүріп тұруға мүмкіндік береді.өз ойыңды қай тілде де еркін айта аласың. Мысалы Бауыржан Момышұлы сияқты. Орыс тілінде білім алу Бауыржан атаның қазақтық бітімін жойған жоқ. Ааа түсінікті деді. Не болғанда да балаға өзге ұлтты мысалға алып емес өзге ұлттың тілі мен мәдениетін жатқа біліп қазақша ойлайтын, өз ұлылары мен ұлтын дәріптейтін тәрбие береміз деп жатырмыз.

Жаңартылған білім мазмұнында ұлттық құндылықтарға басымдық берілуі қатты қуантады. Мысалы орыс мектептерінде бесік жыры мен сабан тойды.наурызды ортақ тақырыптар ретінде барлық пәндере оқуы да керемет. Мектепте ұстанымы өзгерген оқытушылар,өзінен оқушыны жоғары қоя білетін ұстаздар командасы құрылған жағдайда,уйде баланың еркіндігіне негізделген жанұя ұйытқысын жасай алатын ата-аналар қалыптасып жатырса бағдарлама діттеген мақсатына жетер еді-ау. Сол себепті әлем елдеріндегідей Қазақстанда да семейный коуч-консультанттар, мектепте де коуч-консультанттар болса артық етпейді. Себебі ұстанымы өзгерген тренерлер корпусы көптеген тәжірибелік дағды мен іс-әрекеттегі зерттеудегі ой-түйіндері бары анық.

Себебі басым бөлігі бұрынғы дәстүрлі педагогика мен методологияны біле тұра 21 ғ сәйкес оқыту туралы ,ұстаным мен көзқарастарына мол өзгеріс жасағаны анық.

0 дауыс

Еврей халқының бала тәрбиесіне қатысты құнды деректерін келтіргеніңіз үшін көп-көп рахмет. Тағдырдың талай тәлкегі мен қиын-қыстау кезеңін бастан өткерген еврей халқының адамзат тарихында алатын орны ерекше.

Еврейлер туралы қасиетті кітаптарда да сөз етіледі... Не себепті фашистік диктатура еврей ұлтына "дискриминация" тұрғысынан қарады?,-деген сұраққа тарихта да бірнеше сұрақтар мен жауаптар бар. Түптеп келгенде, еврей ұлтының өзге ұлттарға қарағанда туа біткен қанындағы ерекшелігінен болар... Дегенмен, өзге ұлттардың бала тәрбиесіндегі тәжірибелік ерекшеліктерін оқумен қатар, неге өзіміздің, яғни, қазақ халқының этнопедагогикалық құндылықтарына аса мән бермеске. Біздің халықта да "Бала тәрбиесі ана құрсағы мен тал бесіктен..."деген тамаша тәрбиенің бастауы бар. Шариғат жолымен дәстүрімізге етене сіңіскен ата-баба салған тәрбиедегі сара жол ұмыт қалмай, өз жалғасын тапса қазақтан асқан халық жоқ.

Мысалы: Құнанбайды дәретсіз емізбеген Зере әжеміздің, салиқалы Ұлжан, Ділда аналарымыздың тәрбиесінен Абайдай /Ибраһим/ дара тұлға тумап па еді? Ал, Балғожа бидің тәрбиесінен сусындаған Ыбырай/Ибраһим/ атамыздың бала тәрбиесіне қосқан үлесі ше?. Сондай-ақ, Айғаным анамыздан тәрбие алып, өсіп-өнген Шоқан /Мұхаммед Қанафия/ Уәлиханов, Құнанбай мен Абайдан тәлім -тәрбие алған Шәкәрім /Шаһкәрім/ағамыздай ұлт мақтаныштарының ана құрсағы мен тал бесіктен бастау алған тәрбиесін неге сөз етпеске? Айта берсек, тізімді жалғастыра беруге болады. Қазақтың туа біткен мінезіндегі қайсарлығы мен дархандығы, жомарттығының, адам баласына деген оң ниеті мен тамыры тереңде жатқан тағылымы мол қасиеті болар, бүгінде, әлем тарихында алғашқы ондықтың көшінде тоғызыншы орында жер тепкені мақтанарлық жайт. Қазақтың тарихы тұңған шежіре. Өкінішке орай, бүгінде батырлар дастанынан жыр соғатын ақ жаулықты әжелеріміз, шежірені бүге-шүгесіне дейін тарқататын аталарымыз, бесікті жырымен тербететін аналарымыз, асқар таулық рухы бар әкелеріміз, шолпысының сылдырын шығаруға сескенетін сіңілілеріміз, аға тұрып, іні сөйлемейтін игі сыйластыққа негізделген тәрбие бастауымыз сияқты ұлттық құндылықтарымыз жоғалу алдында тұр.

Әлемнің екінші ұстазы /"Муалиим ассана"/ Әл-Фараби бабамыздың: "Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер", - деген нақыл сөзі тәрбиенің жәй айта салатын сөз емес, үлкен ізденіс пен нәтиженің жемісі екенін көрсетеді. Ендеше, дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды қайта өркендету жолында ұлттық табиғи болмысымызға тән ерекшелігімізді танып қана қоймай, кеңінен зерттеп өскелең ұрпақтың бойына дарыта білсек нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет!

...