1,5 жасында телефонға қатты үйретіп алдық. Көзі ауырып, ашуланшақ боп бара жатқанын байқап ойландым. Қанша жыласа да, телефон сұраған уақытында көшеге ап шығып кетіп, әңгімелесіп жүретінмін. Осылайша телефон ұстау уақыты азая берді. Бір айдың ішінде мүлде сұрамайтын болды. Есесіне,көшенің "гүлі" боп алдық. Қазір тек "Балапан" көреді. 3-ке толамыз. Телефонды сұрап, көп ұзамай өзімізге қайтарады. Баланың уақытын тиімді қадағалап, айналаға қызықтырып, әңгімелесіп, көңіл бөлсек доғарады екен.