0 дауыс
1.2k көрілді
Саламатсыздарма. Мен Ақтөбе облысынан болам. Тараз шаһарына келін болып барайын деп жатырмын. Ол жақтың салт дәстүрлері,заңдылықтары қандай. Тараз қаласына бұрын соңды барып көрмеппін сондықтан білмиди екем

1 жауап

0 дауыс

Негізі халқымыз жаңа түскен келінге үлкен талаптар қойған. Өйткені, бүгінгі келін, ертеңгі ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі емес пе? Сондықтан, халқымыз «келінді бастан» деп босаға аттаған күннен бастап тәрбиелеп, оның міндеттерін айтып отырған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик  Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы:

1. Келін түскен жерінің үлкен кішісі, ер-әйелдеріне өзінше ат қоюға тиісті. Мұнда олардың жас мөлшері мен ерекше қасиеттері мен мәртебесі еске алынған. Қайын сіңілісіне-Еркежан, Еркеқыз, қайнысына-Еркетай деп ат қоюына болады.

2. Келін барлық жұрттан ерте тұрып, кеш жатады. Бұл дәстүр келінді еңбекқорлыққа баулиды.

3. Әйелдер ерлердің жолын кесіп өтпейді. Бұл дәстүр жас келінді ізеттілікке тәрбиелейді.

4. Жас келін үлкендер отырған үйге кірмейді. Шай құю қажет болғанда ғана дастархан басына келеді. Ал шай құйғанда бір тізерлеп қырын отырады. Сонымен қатар, үлкендердің әңгімесіне араласпайды.

5. Ешқашан қазан-ошағын сылдырлатпайды.

6. Жас келін дауыс көтеріп сөйлемейді. Ата-енесінің, қонақтардың көзінше күйеуімен ұрыспайды, әзілдесіп ойнамайды.

7. Жас келін үлкендердің төріне шықпайды.

8. Ол ата-енесінің төсегіне отырмайды.

9. Жас келін жалаң бас жүрмейді. Жұрттың көзінше омырауын ашып, бала емізбейді. Ол кеудесін, балтырын жарқыратып жүрмейді.

10. Ата-енесінің, қонақтардың көзінше баласын ұрмайды, оған ұрыспайды.

Мұның бәрі келінді имандылыққа, инабаттылыққа үйретеді. Әр отбасының келіні жоғарыда айтылған талаптар бойынша жүрсе, қазағымның қаракөз қыздарының барлығы инабатты , ата-енесінің , ағайын-туғанының сүйікті келініне айналар еді.

https://elana.kz/%D0%B6%D0%B0%D1%81-%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BD-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%83%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%B8%D1%96%D1%81-10-%D0%BC%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%82/

Ұқсас сұрақтар

...