+1 дауыс
2.3k көрілді
Шымкент жақтың келін болу қалай болады?

16 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл , ең алдымен , қандай отбасына келін болып түскеніне байланысты деп ойлаймын. Шымкенттіктердің (жалпы оңтүстіктің де  ) барлығы жаман емес екеніне осы СЖ-ның арқасында көзім жетті. Дегенмен салттары ,  көпшілік адамдардың көзқарастары біршама "ерекше". Келінге байланысты орамал тағу, сәлем салу т.с.с салттар біздің (Алматы облысы ) көпшілігімізге жат. Жеңгелерімнің барлығы үйленгенге дейінгі қалпында жүр. Ағаларымның ешқайсысы оларға орамал таққызып, халат кигізіп,  ұзын нәрселерге  орап  қойған жоқ.  Үйде болсын , көшеде болсын джинсы-кофта , қысқа көйлектер  т.б. киіп  , өздері қалағандай жүре береді. Өздерінің имидждерін , жалпы өмір сүру стильдерін өзгертпегені оларды жаман келін етпеді.  Үлкендерді  сыйлап, кішілерге қамқор болып жүр. Қандай нәрсе болмасын сұрасаң , әрқашан көмектеседі, құрбыларымыз сияқты. Айтпақшы.. Келінның сыйлы болу-болмауы өзіне  де байланысты екенін ұмытпаңыздар. (:
0 дауыс
Әдемi болады....
0 дауыс
Келинка Сабинка фильмін қарасаң, өзің түсініп қаласың.
Әхәхәә рас)
+3 дауыс

Орамал тағасыз, сəлем саласыз, ата енеңізге құрметпен қарайсыз, үлкен-кішілерді сыйлап ас дəмін алдына алып келіп тұрасыз. Жарыңыздың  айтқанын істейсіз. Басқа артық ештеңесі жоқ. 

бұл айтылған ерекшеліктері болса басқа жақта артық болғаны ма осы?
Белгісіз
Мен басты бастыларын атап өттім.
+1 дауыс
Қандай отбасына тап болуыңа байланысты ол, аймаққа бөлудің қажеті шамалы.
+1 дауыс
Адам есебине санамайды кул ретинде карайды деп естидим.Негизинде келинди оз кызындай,оз бауырындай кору керек.  Егер келген келин сыйлаганды билетин акылды келин болса оз аке шешесиндей,бауырындай корип бауыр басып кетеди
иә сөйдейд!
Белгісіз
сойдеп ойлап калыпты ма?
Неге сонша асыра сөйлейсіз? Шымкент сіздерге басқа планета болып көріне ма? Əлде басқа ғасырда өмір сүретін адамдарға ұқсаймыз ба? Біз де сіздер сияқтымыз, ешқандай кемшілік артықшылық жоқ. Біздің үйде үш келін бар үшеуі де сіз айтқандай қорлықты көрмеген. Келінді қалай сыйлау тұрған жеріне емес, келін болып түскн отбасына байланысты. Сондықтан естігеннің бəріне сене бермеңіз. Мен сізбен ұрысу үшін жазған жоқпын. Бұны тек Шымкент қызының реніші деп біліңіз. Итің жаман десе намыстанатын қазақпыз ғой.
Естидим дедим гой . Жел турмаса шоптин басы кимылдамайды дегендей значит солай болган.Себеби олр калпактын дастурин устанады
солайй дисінЮ/?
Белгісіз
Еркек болсан тыгылып осек айтпа айтарынды бетке айт.    ККККООООРРРККАААККК
0 дауыс
Шымкент жаққа келін болсаң тан атпай турасын, ата ененнин аягын жуасын, есик алдын сыпырасын, тамак ишпейсин,елдин бари ишип болган сон ишесин. Қысқасы сен ол үйге қызмет истеу ушин барасын. саған айтарым кайтесин Шымкентке барып, ссолтүстік,шығыс жактарга барсаншы.
+1 дауыс
Дәл сол өзіміздің Қызылорда сияқты ғой. Еш айырмасы жоқ.
+1 дауыс
ужс не дейді тағы.
))..........
+1 дауыс
Менен сұрасай,байдың қызы болсаң алақанына салады,кедейдің қызы болсаң тыныштық болмайды,жұмсай береді.Бізде бір кедей жігіт байдың қызын алып,машинасы бар күшті қыз.Соны енесі қашан көрсең мақтайды да жүреді,біздің келін бай деп,ал қыз болса мінезі жаман,көкірек қыз.Қысқасы жағдайына қарай қарайды.
Сенің отбасың барма?
мен куйеуге тимегенмын
Өмірде ондай пасық ойлы адамдар да баршылық екен ау.
Қыз байқұстардың көрмейтіні жоқ.
0 дауыс
Шымкент нағыз қазақи мекен.. Шымкентке келін болу да қыздар үшін бір арман...
Күлкимди келтирмеши, неси арман? Қайдағы казакылык? мумкин озбекшилик шыгар?
:о Арман??????
Ыхахахааых Демо дұрыс айтасың.)))
0 дауыс
Шымкенттің келіні болсаң Армияда жүргендей сезінесің өзіңіді
0 дауыс
Шымкент ол ШЫМКЕНТ!!!!!!! Жұмақ мекен кім не десе о десін, Шымнын келіні боп жүргеніме 4жыл болды, сіздер ойлағандай қияли ешнәрсесі жоқ, барлығы тамаша, Аллаға шүкір өте бақытты келінмін, қорықпандар, бізге келін болындар, мен өзім гарантия керемет өмір сүресіңдер !!!!!!!!!!!!! )
0 дауыс
Түскен отбасыға байланысты.
0 дауыс
Шымкент қайнаған қазақылықтың ордасы ғой.

Аймаққа бөлінудің қажеті жоқ, түскен жанұяңа байланысты.
...