0 дауыс
491 көрілді

Таразға, Жамбыл атың қайтарса қалай қарайсыз?

Жақында ТВ-дан Таразға Жамбыл атың қайтару керек дегенді естідім. "Жамбыл қаласы"... Қазақстандықтар не дейді екен? Тараз немесе Жамбыл?

 

3 жауап

0 дауыс

Менің ойымша обылыс аты Жамбыл болғандықтан обылыс орталығы да Жамбыл болмай осы "Тараз" атауында болғаны жарасатын сияқты. Әрі Тараз қаланың тарихи атауы, мыңдаған жылдық тарихы бар.

+2 дауыс
Жамбыл қаласы деген бір түрліғой! Осы Таразда қалғаны дұрыс! Әрі құлаққа жағымды естіледі, қайдансың дегенде Петропавлданмын, Павлодарданмын, дегеннен миллиард есе жақсы емеспе! Босқа сөз шығындаша осындай қалалардың аттарын реттейік!
0 дауыс
"Әулие ата" еді ғой ескі аты, 1936 жылғы Мәскеудегі декададан қайтып келе жатқанда Ескі атауын өзгертіп өз есімін бергенін әлдекімдер сүйіншілеп жеткізгенде Жамбыл атамыз сақалынан жасы сорғалап жылаған екен деседі. Көпті көрген киелі ақсақал қаланың атауына байланысты көптеген деректерді білетін болғандықтан селтеңдеген Кеңестік дәуірдің дала тарихына, Ұлы дала шежіресіне соншалықты жеңіл қарағанына күйінген болар. Сондықтан ел мен жер атауын өзгертуде аса үлкен салиқалылық қажет.
...