0 дауыс
565 көрілді
Осы қай жұмысқа сөйлесуге барғанда немесе орналасуға неге тәжрибе 2-3 жыл болу керек деп сұрайды. Тәжрибие жинай алмаған адамдарға тәжрибиені кім береді екен? Немесе жұмысқа тұру үшін ақша сұрайды? Мұны қалай шешуге болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
НЕГЕ АДАМДАР ЖҰМЫССЫЗ?

Жұмыссыз дегенде қол қусырып, аяқты аспанға көтеріп немесе бір белгісіз күштің көмектесуін күтіп жатқан адамдар туралы айтайын.

Соңғы кезде түсінгенім былай. Жұмыссыз жүрген жандарға жаным ашып, оларға көмектесу үшін әр түрлі жұмыс ұсынамын, ақыл-кеңес айтуға тырысып көремін. Сонда менің байқауымша жұмыссыздар 3 түрлі категорияға бөлінеді:

1) Жалқаулар. Абай атамыз айтпақшы, "әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады".

Жалқау болған соң кез келген нәрсені бастауға, істеп көруге қорқады. Қорыққан соң басына "корона" киіп алып, оның бәрін білемін деп мақтанады. Айтқанды түсінбейді, бірақ жағдай айтып, қарыз сұрайды. Әркімнен көмек сұрайды, жұрт оған беруге міндетті болып көрінеді. Бермесе ренжігіш келеді. Сол үшін олармен ешкім араласпайды, атын естігенде қашатын болады.

Қазақстанда еңбекқор адам аштан өлмейді. Әйтеуір нәпақасын табуға болады. Ебін тапқандар бәріне үлгеріп жүр. Просто адамның желаниесі мен дисциплинасы болмаған соң ештеңеге жарымай, лағып жүреді.

2) Заман ағымына ілесе алмағандар. Негізгі бізде көпшілік жұмыссыз кісілер осы санатқа жатады. Мамандығы ескіріп кетіп, жұмыстан шығып қалып, стресске түсіп, депрессияға кіріп кетеді. Мысалы, кондуктор, күзет, парковщик, сатушы, дүкенші мамандықтарының орнын автоматизация, IT технология басып жатыр.

Жұмыссыз қалған жандар жаңа мамандықты игеремін дегенше 1-2 жыл жүріп қалады. Қайратты, еңбекқор жандар амалын тауып, ситуациядан шықса, қалғандары өзін жоғалтып алады. Бұлар жаңа мамандық игереді немесе бизнеске кетеді. Негізгі тығырықтан шығатын екі жол осы...

3) Байлар. Бизнесін жүйелеп, ұйықтап жатқанда да ақша табатын, өздігінен ақша келіп тұратын система жасап қойған бақытты жандар. Бұлар - жұмыссыз, өйткені оларға жұмыс істеу мұқтаждығы жоқ. Өмірден ләззәт алып, ел-жер көріп, анда-мында халықтың алдына шығып сөйлеп жүреді. Олар туралы комментарий айтудың өзі артық.

Жұмыссыздар туралы сіз не ойлайсыз?

Нұрлан Жанай
...