+1 дауыс
262 көрілді
Промоцентр ашқым келеді? Сол арқылы адамдарға жұмыс табуға көмектескім келеді? Ол үшін не істеуім керек? Кімге барам? Қандай құжаттар керек?

1 жауап

0 дауыс
Cәлеметсіз бе? Егер сіздің сауалыңыз жеке жұмыспен қамту агенттігін ашу бойынша болса, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

Бұл ретте, жеке (дара) кәсіпкерлік мәселесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатпайды.

Жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуді салық органдары (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес) жүзеге асырады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік ашу мәселесі бойынша құзыретті органдарға жүгінуге кеңес береміз.

Ақпарат көзі: http://www.mzsr.gov.kz/kk/taxonomy/term/516
...