Сұрақтар
Жауапсыз
Санаттар
Қолданушы
Сұрақ қою
Online-Чат
Кіру
Тіркелу
Бейімбет Майлин Шұғаның белгісі троп түрлері керек?
0
дауыс
Повесттен троп түрлері керек. Бейімбет Майлин Шұғаның белгісі троп түрлері керек?
бейімбет майлин
шұғаның белгісі
Azat D
06.12.2019
сұрады
6.8k
қаралым
Пікір қосу үшін сайтқа
кіріңіз
немесе
тіркеліңіз
Сіздің жауабыңыз
Email:
Email:
Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін
сайтқа кіріңіз
немесе
тіркеліңіз
2
жауап
0
дауыс
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де,
көркем тұңғыш туындысы
, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
«Шұғаның белгісі» хикаятында оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұға- айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Әбдірахман бейнесі де ескі қазақы ауыл арасынан шыққан көзі ашық, көңілі сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.
Терранова
07.12.2019
жазды
Пікір қосу үшін сайтқа
кіріңіз
немесе
тіркеліңіз
0
дауыс
теңеу:үріп ауызға салғандай:түйдей:жаздай
Эпитет:жылы шырай:аққұба.
Дальше не знаю
Аноним
30.01.2024
жазды
Пікір қосу үшін сайтқа
кіріңіз
немесе
тіркеліңіз
Ұқсас сұрақтар
0
дауыс
1
жауап
Бейімбет Майлин Шұғаның белгісі романындағы қазақ қызының тағдырын сипаттап берініз?
Университет, колледж
Жанибеков Али
17.10.2019
сұрады
шұғаның белгісі
бейімбет майлин
0
дауыс
3
жауап
Бейімбет Майлиннің Шұғаның белгісі повесіндегі Шұғаның сүйген жігіті кім?
Қазақ тілі
Kzppfn
09.05.2013
сұрады
бейімбет майлин
шұғаның белгісі
шұғаның жігіті
0
дауыс
0
жауап
Мен оқушы кезімде қазақ әдебиеті оқулығынан оқыған шығарманы таба алмай жүрмін.
Кітап, Әдебиет
Аноним
27.05.2021
сұрады
шұғаның белгісі
бейімбет майлин
қазақша сұрақ
+1
дауыс
1
жауап
Бейімбет Майлин айт күндері әңгімесі керек
Үй тапсырмасы
Milana778
05.02.2016
сұрады
бейімбет майлин
айт кундері
0
дауыс
1
жауап
"Бейімбет Майлин-шағын әңгіме шебері" шығарма жазуға көмек?
Мектеп
Я_нЕ_тВоЯ
25.12.2011
сұрады
бейімбет майлин
шағын әңгіме
шығарма жазу
+4
дауыс
13
жауап
"Шұғаның белгісі" ,"Махаббат қызық мол жылдар" секілді кітаптарды оқығым келіп жүр?
Психология
Аноним
19.08.2011
сұрады
кітап
шұғаның белгісі
махаббат қызық мол жылдар
127,958
Сұрақ
322,878
Жауап
153,169
Пікір
72,986
Қолданушы