+4 дауыс
"Шұғаның белгісі" ,"Махаббат қызық мол жылдар" секілді кітаптарды оқығым келіп жүр, осыларға ұқсайтын қандай кітіпты оқуға кеңес берер едіңіз? рахмет
19.08.2011 2.4k қаралым

13 жауап

+8 дауыс
adebiet.kz сайытынан электронды нұсқасын қараңыз қазақтың басты ақын жазушыларының шығармалары жинақталған.
19.08.2011
+8 дауыс
Меніңше Сәбит Мұхановтың "Ботагөз" романын оқып шығыңыз! Өте тамаша шығарма!
19.08.2011
+8 дауыс
үйдегі жатқан кітаптарды оқысай. :)))))))))))))
19.08.2011
+9 дауыс
Тұрсынзада Есімжановтың ''Алыптар'' кітабындағы 'Жанды жартас' поэмасын оқыңыз жақсы шығарма егер таба алмасаңыз мен көмектесермін.
19.08.2011
+9 дауыс
Уақытың болса Әбділда Тәжібаевқа кел. Таңдап жүріп аласың. Бек Тоғысбаевтың "Әкең де бала болған" деген кітабында жақсы повест, әңгімелер бар.
19.08.2011
+9 дауыс
[Мына жерден][1] "Махаббат қызық мол жылдар" романын, ал [мына жерден ][2] "Шұғаның белгісін" оқуға болады! Жалпы осы adebiet.kz сайтынан көптеген шығармаларды оқуға болады!!!


  [1]: http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=61
  [2]: http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=2857&Itemid=23
19.08.2011
+10 дауыс
Б.Соқпақбаевтын "Өлгендер қайтып келмейді" романың оқысай, өкінбейсін, мен 2 мәрте оқығанмын
19.08.2011
+9 дауыс
Бойыңа бір ерекше патриотизм сыйлайтын Б.Момышұлының шығармаларын жане Б.Момышұлы туралы шығармаларды оқуға кеңес беремін.
19.08.2011
+9 дауыс
Шыңғыс Айтматовтың " Джамиля" кітабын оқы. КЕРЕМЕТ !!!
20.08.2011
+6 дауыс
Фантастикалық кітаптарды оқы өзім орыс жазушыларының фантастикалық кітаптарын көп оқимын
27.08.2011
+5 дауыс
Әзілхан Нұршайықовтың өмірлік жары- ХАЛИМА туралы *Мәңгілік махаббат жырын* оқыныздар. Әсіресе қыздарға тәлім-тағылымы мол керемет шығарма....
11.11.2011
+3 дауыс
Қараш-Қараш оқиғасы,Шернияз жақсы шығармалар оқып қара
26.12.2011
0 дауыс
"Шұғаның белгісі" Бейімбет Майлин
http://www.kaznamys.com/load/kitaptar/quot_sh_any_belgisi_quot_bejimbet_majlin/3-1-0-95
26.01.2012

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы