0 дауыс
539 көрілді

Құрметті, Асхат Қанатұлы! Мен, Балабекова Гульмира Токеновна 29 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімімін. Нұр-Сұлтан қаласы №69 мектеп-гимназиясында төрт жыл пилоттық жобада жұмыс жасадым. 4 жылда Республикалық, қалалық, тіпті халықаралық семинарлар, шебер-сыныптар өткіздім. Байқау оқулықтары және ОӘК апробация жасап, пікір жазған ұстаздардың бірімін. Осы жұмыстарымды негізге ала отырып, биылғы аттестациялауда педагог-шебер біліктілігіне өтініш жаздым. Өкінішке орай тестілеуден өткен кезде педагог-шеберлік біліктілігіне 4 балл жетпеді. Аттестаттау алқасынан педагог-шеберлікке жетпеген балым, педагог-зерттеушіге жететіндігін айтып, өтініш жазсам «өтініш қабылданбайды, себебі оған заң жоқ»- дейді. Сонда бізге осындай жағдайда қандай қолдау болады, педагог-шеберге жетпеген балым, педагог-зерттеушіге жетіп тұрып, осы біліктілікті ала алмағаным мені қатты толғандырады.

    Құрметті Асхат Қанатұлы, осындай жағдайда отырған әріптестерімнің атынан және өз атымнан сізден дұрыс шешім мен қолдау күтеміз. Еңбегіміз елеусіз қалмас деген сенімдеміз.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...