0 дауыс
2.9k көрілді
Зейнеткерлікке 1 жыл 8 ай қалған мұғалім аттестаттаудан өте ме? Өтпесе, қандай ережеге сүйенеді?

3 жауап

0 дауыс
Жасы бойынша зейнетке шығуға 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлер аттестаттаудан өткізілмейді деген сөз ғой. Өйткені педагог қызметкер әрбір бес жылда аттестаттаудан өтуге міндетті. Егер мұғалімнің зейнеткерлікке шығуына үш жылдан аз уақыт қалса, ондай қызметкер аттестаттаудан босатылуы тиіс. Кезекті аттестаттау уақыты келсе де.
+1 дауыс
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелдіhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317
0 дауыс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының" 38-ші тармағында: "Жасы бойынша зейнетке шығуға 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің бұрын берілген біліктілік санаты сақталады", - деп жазылған.
http://vk.com/wall-91793682_223406
...