0 дауыс
565 көрілді

Анам 2 топтағы мүгедек. 2005 жылы ауырып мүгедектікке зейнеткерлікке қалды. Енді 2016 жылы жасына байланысты зейнетке шығуы керек. Еңбек кітапшасына 2005 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босатылды деп жазбаған. Мектептің бұрынғы басшысы бұйрық шығармаған. Қазіргі мектеп басшысы мен ештеңе білмеймін деп отыр. Екінші мәселе 2004 жылдағы зейнетақы қорына ақша аударылмаған. Мектеп есепшісі де менде ешқандай құжат жоқ мен 2009 жылы жұмысқа орналастым деп отыр. Архивке де бердік ол жерде де анық көрсетілмеген дейді. РайОО. архивіне барыңдар дейді. Ешкім бас қатырғысы келмейді. Не істеуге болады? Анамның 30 жыл еңбек еткені бос кете ме? Көмектесіңіздерші не істеуге болады?
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы. 18 Мендекеш Сатыбалдиев атындағы мектеп. Мұханбетқалиева Күләш кітапханашы болып қызмет етті.

1 жауап

0 дауыс
аудандық мұрағатқа баруың тиіс.Сонда бұйрықтың көшірмесін алып,ЗТМО ға немесе ХҚКО на барып көріңіз.
...