+1 дауыс
385 көрілді

2014 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы қадағалаудың тиімділігін, заңдылық пен құқық тәртібін жоғарлату бойынша маңызды жұмыс атқарды.  Жұмыс – Елбасшысы мен Бас прокуратура басышылығының нұсқаулары бойынша атқарылды.

Жұмыстың тиімділігі мен сапасын, заңдылықты сақтау мен аудан ерекшеліктеріне ісжүзіндегі баға берілген негізде жүзеге асырылған   қадағалау қызметінің көрсеткіштері мен айқын белгілері көрсетеді.

Әлеуметтік-экономикалық саласын қадағалау барысында, 674  заң бұзушылық анықталып, жойылды(2013 ж.-527), 11039 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды(2013 ж.- 4742), заңсыз актілерді өзгерту мен олардың күштерін жою бойынша 11 наразылық қанағаттандырылды(2013 ж.-8). 

Қабылданған шаралар арқасында сомасы 398,3 млн теңге құрайтын зиянның орны толтырылды (2013 ж. – 19,1).

Тұлғаларды тәртіптік 230 (2013 ж. - 139), материалдық 18 (2013 ж. - 0), әкімшілік 148 (2013 ж. - 137)  жауаптылыққа тартумен 95 ұсыным қаралып (2013 ж. -74), олар бойынша сомасы 7,5 млн теңге құрайтын айыппұл төлеу қаматамсыз етілді (2013 ж. – 5,6).

Сот 23 талап-арызды қанағаттандырды (2013 ж. - 9),  заңға64 түсінік беру(2013 ж. – 10) және 8 (2013 ж. - 24) алдын-ала ескерту ұсынылды. 6 қылмыстық іс қозғалып,  олардың төртеуі бойынша 4 тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартумен  үкім шығарылды.

Прокуратура еңбек ақысы бойынша қарызды төмендету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Осы бағыттағы мақсатты жұмыстың арқасында, «Vita Industry» ЖШС жұмыскерлеріне еңбек ақылары бойынша 5 жыл бұрын  пайда болған және жыл басына 83 млн теңгені құраған қарыз түгел төленді.

Мемлекет пайдасына зиянның орнын толтыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілді.   Сот 5 жалған мекемелерді тіркеудің күшін жою туралы 5 талап-арызды қанағаттандырды (олардың айналымы 20 млрд теңгеден астам соманы құрады).

Мемлекетке зиян келтірудің алдын-алу мақсатында, мемлекеттік сатып алулардың, оларды ұйымдастыру (баға белгілеу)сатысынан мониторингі тұрақты негізде жүргізілді.  Нәтижеде, 7 ұсыным мен 4 заңсыз шешімдерге қарсылық білдіру жолымен сомасы 60 млн теңгеден астам заңсыз сатып алудың алды алынды.

Осылайша, аудан мектептері  балалар тағамын қамтамасыз ету бойынша  сатып алуды ұйымдастыру барысында, ұсыным бойынша байқау комиссияларының 43 мүшесі тәртіптік жазалауға тартылды, 10 278 баланың конституциялық құқықтары қорғалды.

Кедендік заңнаманы қолдану бойынша Белорусьтан жалған құжаттармен автокөлік контрабандасы бойынша қылмыстық жоспар анықталды, 11 дерек бойынша кеден органдары ҚР ҚК 209-б. бойынша қылмыстық істер қозғады. Сонымен қатар, прокуратура Қытай Халық Республикасынан келген тауарлар бойынша  «К» ЖШС-неқатысты ірі мөлшерде экономикалық контрабанда  дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ғаламтор-ресурстарында алкогольдык және темекі өнімдеріне заңсыз жарнама жасаған 104 сайт анықталды. Сот тәртібінде осындай жарнаманы таратуға тыйым салу бойынша прокуратураның  15 талап-арызы қанағаттандырылды. 

Аудан әкімінің құқықтық актілерінің заңнамаға сәйксетігі тексерілді, нәтижелер бойынша 15 актінің күші жойылып, өзгертілді. Кінәлі тұлғалар, солардың ішінде, жетекшілік ететін әкімнің орынбасары тәртіптік жазалауға тартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жылжымалы топ белсенді жұмыс атқарды, оған 13 кәсіпкер жүгінді, қабылданған шаралар арқасында  (3 қадағалу актілері) шағын және орта кәсіпкерліктің 4 субъектісінің құқықтары толықтай қорғалды, бұл көрсеткіш 2012,2013 ж.ж. қарағанда айтарлықтай жоғары.

 2014 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру мораторийінің нормаларын түсіндурін ескере отырып, соның қатарында ауданның 120 кәсіпкерімен  көшпелі кездесулер, ескертпе беру және  бұқаралық ақпарат құралдарында тиянақты баяндау жолымен  жүргізілген осы бағыттағы жұмыстың жандануына – бизнес қауымдастығы жағымды баға берді.

Кәмелетке толмағандардың құқытарын қорғау саласында, кәмелетке толмағандарға қатысты 32 заңсыз әкімшілік қаулылардың күштері жойылды, 116 кінәлі тұлғалар тәртіптік жазалауға тартылды, бюджетке 1,7 млн теңге қайтарылды. Балалардың өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен кеңейтілген жиналыс өткізумен кәмелтке толмағандардың құқықтарын қорғау  бойынша атқарылған жұмыс    қоғамның жағымды пікіріне ие болды.

Көші-қон заңнамасын қолдану саласында, шетелдік жұмыскүшін заңсыз тарту деректері бойынша, 66 тұлғаға қатысты қамауға алу мен сомасы 10 млн теңге құрайтын айыппұл салу түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Құзыретті мемлекеттік органдардың 10 лауазымды тұлғалары тәртіптік жазалауға тартылды. 

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде 6 ұсыным қаралды, олар бойынша  тәртіптік жазалуға 7 тұлға тартылды, олардың  көбі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Ауданның ерекшелігіне қатысы бар басқа да маңызды мәселелер тексерілді.

«Сот сараптамасы орталығы» РМКМ тексеру барысында,  12 сарапшы мен қызметкерлер тәртіптік жазалауға тартылды, басшысына мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзғаны үшін сомасы 240760 теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынды,сараптамалық қызмет туралы заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.

Белгілі тұрғылықты орындары жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығын тексеру нәтижесінде, заңдылықты өрескел бұзғаны үшін орталықтың директоры жұмыстан шығарылды, 9 тұлғатәртіптік жазалуға тартылды.

Қадағалау актілері бойынша жауапқа тартылған тұлғалардың қатарынан 53 адамы басшылар: 2 әкім орынбасары, мемлекеттік мекемелердің 7 басшысы және олардың 32 орынбасары, органдар мен ұйымдардың 12 бастығы.

Қала прокуратурасы көмегімен қала деңгейіндегі мемлекеттік органдарға   29 қадағалау актілері жолданды.

Алдын-ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтау саласында, қылмыстардың ауыр және аса ауыр түрлері  мен есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша ведомствоаралық жиналыс өтті. Тәртіптік жазалауға 14 тұлға тартылды.  Профилактика нәтижесі:

Ауыр қылмыстардың 686-дан(2013 ж.) 616-ға дейін (10,2%)және аса ауыр қылмыстардың 57-ден (2013 ж.)37-ге дейін (35,1%) төмендеуі;

Қылмыстардың 3,7% ашылуы (2013 ж. 32,6%-дан 36,3%-ға дейін) артуы;

Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы бойынша, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетемін деп қорқытумен, Қырғызстан Республикасының азаматы М-ды 30 000 теңге құрайтын ақша сомасына кейінгі пайдалану үшін сату дерегі көрсетілген  аз. Ж. арызы бойынша прокуратура24.02.2014 ж. ҚР ҚК 128-б., 2-б. (адамдарды сату) бойынша қылмыстық іс қозғады. 02.06.2014 ж. Түрксіб ауданы сотының қаулысымен  аз. А. қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып табылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 10.06.14 ж.,  Түрксіб ауданының ІІБ жанындағы ПБ қызметкерлері қинау мен басқа да заңсыз әрекеттерді қолданғаны үшін   ҚР ҚК 141-1-б., 2-б., «а»-т. көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қадағалау нәтижелері бойынша, заңдылықты жою туралы 8 ұсыным, оның 7  - Алматы қ. ІІД бастығының атына, 1 – аудан ІІБ бастығының атына жасалды. Барлығы 35 адам тәртіптік жазаға тартылды.

Сот-қылмыстық қадағалау қызметі бойынша  Түрксіб аудандық сотының үкімдері бойынша 5 тұлғаға қатысты (2013 ж. - 5) 5 апелляциялық наразылық (2013 ж. - 12) шығарылды.

Аталған мерзімішінде сотталғандардың шағымдары бойынша  апелляциялық алқа 1 тұлғаға қатысты дәрежелеуді өзгертумен үкімдер өзгертілді(2013 ж. – 3 тұлға), мемлекеттік айыптауды қолдаудың нәтижелілігі 99 % құрады.

Сот актілерінің заңдылығын қадағалау бойынша,  міндетті категориядағы істер бойынша 100% қатысу қамтамасыз етілді – 327 (2013 ж. - 222). 5 апелляциялық шағым шығарылды, 2 ұсыным жасалды, оларды қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар жазаланды.

Қадағалау шеңберінде прокуратура 12.06.2014 ж. ҚР ҚК 235-б., 1-б. бойынша қылмыстық істі қозғады, ол тергелудің өндірісі үшін  аудан ІІБ-не жолданды.  Қозғау негізі – аз. А-ның арызы мен  оның жылжымайтын мүлкін тартып алу мақсатында анықталмаған тұлғалардың  үй құрылысына құжаттарды жалған жолмен дайындау бөлігіндегі азаматтық істі зерттеу болып табылды.

Жинақталған мерзімде  ведомствоаралық жиналыстардың бір қатары жүргізілді, 109 материалдар  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Халық арасында құқықты түсіндіру жұмысты жүргізу мақсатында, тұрақты негізде  халықпен кездесулер өткізілді, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының қатысуымен.

Аудан прокуратурасы жұмысының 2014 жылдағы  жағымды динамикасы мен қадағалаудың тиімділігі мен заңыдылық пен құқық тәртібін нығайтудыжоғарлату бойынша келешектегі мәселелерді ескере отырып, 2015 жылы прокуратура құқықтық қатынастардың барлық салаларында заңның ұлықтылығын қаматасыз ету, құқық бұзушылықтарды іс жүзінде жою мен алдын-алу бойынша толық жарамды шараларды қолдану мен азаматтардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша  таңдалған  бағытты жалғасытруды көздейді.                                   

Түрксіб ауданының прокуроры, Аға әділет кеңесшісі Тимур Атжанов

1 жауап

0 дауыс
Ал оқыдық. Енді сұрақ қайда? )))
Алдын хабарлап өткенімдей, Сұрақ-Жауап аккаунтының атынан хабарламалық ақпараттар жарияланып отырады. Оған мән бермесеңіз болады ағасы. Ол ақпараттар сайттың дамуына қосылып жатқан үлес деп білсеңіз болады. :)
Ааа, кешіріңіз )) "Сұрақ-жауап оқушы" деген кім екен десем ))
...