0 дауыс
480 көрілді
Саламатсыздар ма? Менің бірінші тұрмысымнан 2014жылғы ұлым бар. 2015жылы өз әкесі әкелік құқығынан соттың шешімімен айырылған, заңды неке болмаған әке тану бойынша өз тегін берген болатын. Алимент өндірілмеген. 2018жылы басқа азаматқа тұрмысқа шықтым қазір ортақ бір ұлымыз бар. Күйеуімнің 1ші тұрмысында 2 қызы бар, алимент төленеді, әйелмен заңды түрде ажырасқан.  Біз қазір заңды некедеміз. 2баламыздың фамилиясы мен отчествасы бір болуын қалаймыз   сотқа қандай құжаттар тапсыруымыз қажет және ол қанша уақытты алады, бала есін біліп келе жатыр біліп қояды ма деп қорқамыз. Және де куйеуімнің қыздарының туу туралы күәлігі қажет болады ма жоқ па? Оны алу мүмкіндігіміз жоқ. Толық жауап күтемін. Қамқорлық органы мүлде толық жауап бермейді. Рахмет

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі

      1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін.

      2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалады.

      Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.

      3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.

      Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі.

      4. Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.

      5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнің өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

      6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

      Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер сот шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518#z213

...