Заң | 3.1k қаралды
Күйеуіммен заңды некеде тұрмағанбыз, 2011 жылы қызымды тудым, әкені растау куәлігімен күйеуімнің тегіне жаздырдық. Қазір бірге тұрмаймыз, басқа әйелге үйленіп кетті. Мен мемлекеттен берілетін тегін үйге кезекке тұрайын десем, ешқандай критерийге кірмейді екенмін, жалғызбасты ана болу үшін қолымда ажырастым деген куәлік жоқ, сол үшін қызымның тегін өзіме аударуым керек екен. Қайда, кімге арыздануым керек. Заң мамандары жауап берсе екен және нақты, алдын-ала рахмет.

3 жауап

Кейде қандай-да бір себептерге байланысты баланың атын, әкесінің атын немесе тегін өзгерту қажеттілігі туындайды. Ол ата-анының екеуінің де тектерін ауыстырған кезінде баланың әкесі атын өзгерткен жағдайында туындауы мүмкін. Бұл мақалада біз әрбір жағдайды толық қарастырамыз.

Мәселені «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, балаға есім ата-аналарының немесе баланың өзге де заңды өкілінің келісімі бойынша берілетіндігінен бастаған жөн. Әкесінің аты ата-аналарының қалауы бойынша оның әкесі болып көрсетілген тұлғаның аты бойынша беріледі.

Сіз өз балаңызға қосарланған есімді есімнің бөлек жазылған, алайда екі есімнен көп емес жағдайында бере аласыз. Әкесінің қосарланған есімде болуы жағдайында баланың әкесінің аты олардың біреуі бойынша немесе әкесінің екі атының бірге жазылған жағдайында беріледі.

Әкесінің есімі өзгерген кезе кәмелеттік жасқа толмаған баласының әкесінің аты өзгереді. Егер бала кәмелеттік жасқа толған болса, онда оның өтініш білдірген жағдайында өзгереді.

Баланың тегі ата-анасының  тектері әртүрлі болған жағдайында, олардың біреуінің тегімен анықталады. Ата-анасының қалауымен баланың тегі ұлттық дәстүрді есепке ала отырып, әкесінің, сол сияқты анасының жағынан әкесінің немесе атасының есімінен құрастырылуы мүмкін.

Баланың есімі мен (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған қарама-қайшылық  сот тәртібінде шешіледі.

Егер әкесі анықталмаған болса, онда әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған есім бойынша беріледі, тегі – анасының тегі немесе ұлттық дәстүрді ескере отырып баланың атасының аты бойынша беріледі.

Баланың есімі мен тегінің өзгеруіне келетін болсақ, онда кәмелеттік жасқа толмаған баланың тегі ата-анасының екеуінің де тектерін ауыстырған жағдайында өзгереді.

Баланың он алты жасқа толған мерзіміне дейін ата-анасының екі-жақты өтініші бойынша баланың есімін өзгертуге, сонымен қатар оған берілген текті өзге ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беріледі.

Айырылысу кезінде бала дүниеге келген кезінде иеленген текті сақтап қалады. Ереже бойынша, ол әкесінің тегі. Сонымен қоса, егер ата-анасы некені бұзу шарттарын рәсімдемей бөлек тұрған жағдайда және бала бірге тұратын ата-анаоған өз тегін бергісі келген жағдайда, бұл мәселе нотариалды ресімделген баланың қызығушылықтары мен өзге ата-ананың пікірін ескере отырып шешіледі. Өзге ата-ананың мекенжайын анықтау мүмкіндігі болмаған, оның ата-аналық құқығын шектеу немесе айыру, іс-әрекетке қабілетсіздік деп тану жағдайларында, сонымен қатар  баланы асырау мен тәрбиелеуден бас тартқан жағдайында оның пікірін ескеру міндетті емес.

Егер ата-ана арнайы некесі бұзылған жағдайда бөлек тұратын болса, жене бала бірге тұратын ата-ана оған өз тегін бергісі келген жағдайда, тіркеуші орган өзге ата-ананың пікірін ескерместен баланың қызығушылығында осы мәселені шешеді.

Он жасқа толған баланың атының немесе тегінің өзгеруі, заңды өкілінің қатысуымен алынған оның келісімімен ғана жүзеге асады.
Саламатсыздарма?! Мен балаларымнын аты жонин ауыстырайын деген едим, 2 аптадан кейын дайын болады дейды, сонда менин балаларым 2 апта кужатсыз журеме немесе уакытша кужат берилема? Баска калага уакытша кужатпен шыгуга болама? Алдын ала рахмет
Салеметсизбе мен баламды анамнын атына аударуга болама?алматы каласынан жасауга болама?мен онтустиктенмин о
122,683 сұрақ
312,226 жауап
153,287 пікір
69,950 қолданушы