0 дауыс
22.2k көрілді

Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді. 

Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды -  қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер. 

Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан  жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін.

Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!

Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!

Ардагерге хат

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зіл бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.

Құрметті ардагерлер! Шынымды айтсам бұрын соңды ешқашан мұндай хат жазып көрмеппін. Алайда сіздер ардагер болғандықтарыңыздан, бұл мен үшін үлкен құрмет деп ойлаймын. Бұл хатта ең бірінші мен сіздерге деген ризашылығымды білдіргім келеді. Мен ғана емес, бүкіл қазақ жұрты сіздерге өте риза деп ойлаймын. 

Әңгімелерді тыңдаған сайын мен біздің батырларға қатты таң қалатынмын. Біріншіден мен олардың батылдығына, екіншіден олардың шыдамдығына, үшіншіден рухының күштілігіне  қарап әлі күнге дейін таң қаламын. Менің ойымша бұндай жағдайдан өтіп, күрескен  адам ардагер емес, болаттан жаралған адамдай. Осындай қатаң соғыстан өткен адам әрқашан өмірдің орнын біледі. Себебі, әрбір  жорыққа аттанған сайын адам өз өмірін басқа адамдардың өмірі үшін бәйгеге тігеді. Қолына қару алып күрескен ардагерлер де, сол азаматтар үшін киім кешек тігіп, жіберіп отырған тыл ардагерлері де көп еңбек етті.

Сондықтан сол еңбекті ақтай білу керек. Қазіргі кезде қанша медаль бар болса да, қанша еңбек еткен болса да, ардагерлерге қарайтын адам саны өте аз. Мұның барлығы адамдардың ақымақтығынан, олардың бейбіт өмір сүруге әбден  үйреніп алуынан болды. Көбінде адамдар ардагер болудың не екенін, соғысқа қатысып, игі жұмыс жасаудың не екенін түсінбейді. Алайда, бұлай  жалғаса беруіне жол беруге болмайды. Өйткені қазақ ардагерлері қазақ  халқының  жойылуына жол бермеген азаматтар. Олар өз өмірінің жойылуына жол ашса да, халықтың жойылуына жол бермеді. Сондықтан мен ардагерлерді құрметтеймін және оларды бүкіл ел құрметтегенін тілеймін.

1 жауап

...