+1 дауыс
39.2k көрілді
ардагерге хат тақырыбына хат жазып  немесе тауып бере аласыздарма

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ардагер атама хат!

Құрметті ата! Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз қалай? Ауырмай жүрсіз бе? Мен сіздің немереіңз – ..... Хал-жағдайыңызды білу үшін осы хатты жазып отырмын.Біз сіздердің ауырмағандарыңызды тілейміз. Ата, көп жасаңыз! Ұзақ өмір сүріңіз! Бізде бәрі жақсы. Күн нұры жерге жылу мен жарығын аямай төгіп тұрады. Ашпан ашық түсті. Әдемі гүлдер өсіп жатыр. Осындай алаңсыз бақытты өмірді жеткізген сіздер. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ер-азаматтармен бірге қолдарына қару алып, жаумен шайқасып, ерлік көрсеттіңіз. «Жеңіс – ол бүкіл халықтың ерлігі». Себебі майданға нан да, ет те, киім-кешек, қару-жарақ толлассыз керек болды. Осының бәрімен әскерді қамтамасыз ету үшін қарттар мен әйелдер, буыны қатпаған балалар шамадан тыс еңбек етті. Соғыс жылдары сүйген жарынан айырылып, аңырап қалған әжелер, апалар жесірліктің ащы дәмін тапты. Соған қарамастан, отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірді, азамат етті, ел қатарына қосты.

Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлердің қанымен, тылодағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. «Соғыс» деген суық хабар жеткен күннен бастап қазақ халқы майданда да, тылда да ерлік көрсетті. Қазір Қазақстан тәуелсіз ел, ешқандай соғыс, терроризм жоқ. Соғыстың қандай зардап әкелетінін терең түсіндім. Сідзің майданда жасаған ерліктеріңізді әр уақытта құрметтейміз. Сіз бізге жауды жеңе отырып, өмір сыйладыңыз. Сондықтан да біз сізге көп-көп рахмет айтамыз. Бізге ашық аспанның астында жарқын өмір сыйладыңыз. Сондықтан да ата мен сізді мақтан тұтамын. Сізбен мақтанамын, әрқашанда ауырмаңыз, деніңіз сау болсын!

Сізге хат жазушы, немереңіз,.....

Немесе..

Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүние жүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының  мықтылығымен келді.

Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігініздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды -  қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.

Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан  жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға ел басы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқаныңа сенемін.

Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!

Біз, қазіргі заман ұрпақтары дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!

0 дауыс

Әдемі жазылған рахмет! smiley

...