0 дауыс
528 көрілді
Әкеміз қайтыс болар алдында өз үйін ең кенже баласына мұрагерлік ретінде аударып берген, Біз басқа балалары қарсылық көрсетіп, үлес бер деместен келіскен болатынбыз, Кенже інімізідің қолында шешеміз бар, бірақ үй ініміздің атында. Енді қазіргі уақытта інім шешеміздің қарсылығына қарамастан үйді сатамын деп отыр. Үйдің сатылғанына осы мәтінді жазып отырған сол жанұяның үлкен баласы мен де қарсымын. Сатып қалаға көшіп келемін дейді. Шешем қалаға келмеймін дейді. Осы үй шешем тірі отырғанда сатылмау үшін не істеуге болады. Немесе біз өз тарабымыздан егер үй сатылар болса бізге сатылған сомадан үлес бер деп арызданамыз ба? Тек үйдің сатылып кетпеуі үшін.Бізге басқа балалары үшін шешеміздің сол үйде тыныш отырғаны керек. Өйткені ол үйді әкем, шешем өздері үйленгеннен алған үйлері еді, соны шешем қимайды, және біз де басқа балалары қара шаңырақтың тұрғанын қалаймыз. Заңды жөнінде не істеуге болады. Тек үй сатылмауы үшін. Жауаптарыңыз үшін алдын-ала рахмет.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұрагерлік берілген болса мұрагер өз атына тіркеген жағдайда не істесе де өзі біледі.
Негізінен, бірақ мұрагерлік қағаздарымен танысып көру керек.
0 дауыс

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес 1078-бап. Жекелеген мұрагерлердiң мұраға кiретiн мүлiкке басым құқығы 1. Мұра ашылғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үйдi, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады. 209 2. Мұра қалдырушымен бiрге мүлiкке ортақ меншiк құқығы бар мұрагерлер ортақ меншiкте болған мүлiктi мұраға алуға басым құқыққа ие болады. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған басым құқықты жүзеге асырған кезде бөлiске қатысатын басқа да мұрагерлердiң мүлiктiк мүдделерi сақталуға тиіс. Егер өздерiне тиесiлi үлестердi беру үшiн мұраны құрайтын мүлiк жеткiлiксiз болса, басым құқықты жүзеге асыратын мұрагер оларға тиiсiнше ақшалай немесе мүлiктiк өтемақы беруге тиiс. 

...