+1 дауыс
416 көрілді
Қойма қызметкерлеріне арналған АЖО жетілдіру

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Автоматтандырылған жұмыс орны -  ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады. Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен, оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір арнада жұмыс істеу құралдарымен,  жергілікті есептеуіш тораппен және т.б. АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған, автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына, сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде «өзіміздің» сәйкес мәліметтер базасын қолдану.
АЖО қамтамасыздандыру үшін қажет техникалық құралдар құрамы орындалатын жұмыстардың сипатына және нақты шарттарына тәуелді, бірақ, банк ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесімен басқару аппараты үшін терминал құрылғыларының типтік структурасын ұсынуға болады: ДЭЕМ базасында басқару құрылғысы, дисплей, иілгіш магниттік дискілерде жинақтауыш, мәліметтерді теруге арналған клавиатура, принтер және т.б.
АЖО техникалық қамтамасыздандырудың бұндай құрамы сәйкес программалық құралдармен бірге экономикалық есептерді шешуге,  құжаттарды жедел түзетуді орындауға, графикалық, кестелік, тексттік құжаттармен диалогтық жұмысты және әртүрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді, яғни қойма қызметкерінің  «жұмыс үстелі метафорасын» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Практикалық жұмысымда тауарлар қоймасының қызметкеріне арналған АЖО қарастырылады. Практикалық жұмыс теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады.
Теориялық бөлімде материалдар қоймасының программалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Тәжірбиелік бөлімде тапсырма объектіге ыңғайланған программалау тілі MS Access-ті қолдана отырып шешілген.
Практикалық жұмыстың мақсаты -  MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу, бұл өз кезегінше шаруашылық субъектісінің қызметінің басқару құрал-жабдығын жақсартады.

...