Әкеміз қайтыс болар алдында өз үйін ең кенже баласына мұрагерлік ретінде аударып берген, Біз басқа балалары қарсылық көрсетіп, үлес бер деместен келіскен болатынбыз, Кенже інімізідің қолында шешеміз бар, бірақ үй ініміздің атында. Енді қазіргі уақытта інім шешеміздің қарсылығына қарамастан үйді сатамын деп отыр. Үйдің сатылғанына осы мәтінді жазып отырған сол жанұяның үлкен баласы мен де қарсымын. Сатып қалаға көшіп келемін дейді. Шешем қалаға келмеймін дейді. Осы үй шешем тірі отырғанда сатылмау үшін не істеуге болады. Немесе біз өз тарабымыздан егер үй сатылар болса бізге сатылған сомадан үлес бер деп арызданамыз ба? Тек үйдің сатылып кетпеуі үшін.Бізге басқа балалары үшін шешеміздің сол үйде тыныш отырғаны керек. Өйткені ол үйді әкем, шешем өздері үйленгеннен алған үйлері еді, соны шешем қимайды, және біз де басқа балалары қара шаңырақтың тұрғанын қалаймыз. Заңды жөнінде не істеуге болады. Тек үй сатылмауы үшін. Жауаптарыңыз үшін алдын-ала рахмет.