+3 дауыс
Мен кейде бойымды еңкейтіп ұстап жүрем,  әрқашан бойды тікке ұстап жүрудің қандай амалдары бар????
04.02.2011 1.6k қаралым

6 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Оның бірнеше жолдары бар! олар қарапайым ережелерден тұрады. мысалы: тегіс бөлме қабырғасына  желкені, бастын артқы бөлігін, омыртқаны  толығымен, белді, балтырды, аяқтың өкшесін толық тигізіп біраз тұру керек. содан кейін сол қалыпта жүріп үйренуге болады!

Негізі бойды тік ұстап жүрген әдемі  көрінеді, адам мүсінін қалыпты жағдайда ұстау үшін ауыр затты  көп көтермеу керек! және де  қыздарға айтарым: қанша сантиметр биік өкшелі аяқ киім киетін болсаңдар, сонша килограмм күш омыртқа мен жауырын сүйегіне  түсетінін ұмытпаңдар!

Әрқашан бойды тік ұстап жүрудің амалдары   көп, бірақ  омыртқаны  тік, иекті жоғары ұстап  жүрсең  болғаны  бойың  уақыт өте  тіктеледі!
13.06.2011
+2 дауыс
Басыңа бірнеше кітап қойып жүр)))
04.02.2011
+3 дауыс
Тік ұстап жүру үшін: Алғашқы әскери дайындық деген кітапты оқыныз. Сол кезде солдаттар сияқты бойыныз еркін және тік болады. Болмаса армияға бар ол жерден бәрін үйренесін!
13.06.2011
+2 дауыс

Бүкір болғың келмесе, өзің үшін әрқашан тік ұстап жүре аласың.

13.06.2011
+3 дауыс

Ең оңай, әрі дұрыс шешім: Екі қолды жоғары көтеріп, жоғары ұмтыламыз! Сосын омыртқаның  қалпын сақтап, қолды түсіріп, арі қарай жүре береміз!)  Тағы берер кеңесім:  Жастықсыз ұйқтаған жөн!

13.06.2011
+1 дауыс
Оқтау жұтып алу керек, қисайғың келсе де қисая алмайсың.
11.08.2011
127,965Сұрақ
322,908Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы