0 дауыс
3.0k көрілді
Менің есімім Төлеби. Бірақ маған есімім ұнамайды. Неге дейсіз ғой ? Себебі менің өмірім бір нәрсені төлеумен өтіп жатыр. Он жасымнан саудада тұрдым. Сонда мені қалдырып кететін. Мен сауда жасап қарызға алған заттардың ақшасын,  аренданың ақшасын , кредиттерді төлеп тастайтынмын. Мені сонда мақтайтын, бірақ одан кейін де қарызға зат алынса мен төлей беретінмін. Қазір жасым 23 те.Әкем қайтыс болды бір жыл бұрын. Қазір де кредиттен көз ашпай келемін. Әлі төлеу үстіндемін. Психологтардың айтқаны бар екен - адам есімі оның тағдырына әсері бар деп,  төле сөзі бір нәрсені өтеу ,төлеу деген мағына беретін сияқты. Бірақ менің есімім бидің есіміне ұқсатып қойылған, бірақ қазіргі заманда бидің алар орны жоқ қой. Мен сөзге шешен адам емеспін ! Сондықтан да мен атымды өзгерткім келеді, кредит төлеуден шаршадым!

2 жауап

0 дауыс

Егер шын көңілмен сол  түсінікке сенсеңіз ауыстырып тастаңыз. Бірақ ақшаны дұрыс ұстай алу жолын да үйреніңіз. Тек есіміңізді өзгертіп қойып, ақшаны табуыңыз, ұстауыңыз, жұмсауыңыз сол күйінде қалса аса ештеңе өзгере қояр деп ойламаймын. Тек көңіл тыныштығы үшін ойыңызға сондай ой келсе ауыстырып алыңыз есіміңізді.

0 дауыс
Сәлемтсіз бе!Төле сөзінің мағынасы төлеу емес.  Сіз ең мықты есімге иесіз.Төле/Толуй туралы интернетте ақпарат көп.

Төле, Толи, Толуй (1186/1190 немесе шам. 1193 - 1232) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.
...