0 дауыс
4.3k көрілді
Сәлеметсіздер ме! Мен оразадан қалған қарыздарымды өтеп жатыр едім. Бірақ сәресін таң намазына 10 мин қалғанда емес, 1-2 мин қалғанда ішіп жүрмін. Бұл қарыз болып қала ма? әлде өтеле ме?

П. С. : ораза кезінде ауыз бекіту таң намазына 10 мин қалғанда орындалатын.

1 жауап

+1 дауыс

Сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таңның кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазы кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек.


Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: "...Таңға дейін, (яғни) "қара жіп" "ақ жіптен" айырылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар..." [3]. Бұл аяттағы "қара жіп" - түнді, "ақ жіп" - таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз.

...