Менің есімім Төлеби. Бірақ маған есімім ұнамайды. Неге дейсіз ғой ? Себебі менің өмірім бір нәрсені төлеумен өтіп жатыр. Он жасымнан саудада тұрдым. Сонда мені қалдырып кететін. Мен сауда жасап қарызға алған заттардың ақшасын, аренданың ақшасын , кредиттерді төлеп тастайтынмын. Мені сонда мақтайтын, бірақ одан кейін де қарызға зат алынса мен төлей беретінмін. Қазір жасым 23 те.Әкем қайтыс болды бір жыл бұрын. Қазір де кредиттен көз ашпай келемін. Әлі төлеу үстіндемін. Психологтардың айтқаны бар екен - адам есімі оның тағдырына әсері бар деп, төле сөзі бір нәрсені өтеу ,төлеу деген мағына беретін сияқты. Бірақ менің есімім бидің есіміне ұқсатып қойылған, бірақ қазіргі заманда бидің алар орны жоқ қой. Мен сөзге шешен адам емеспін ! Сондықтан да мен атымды өзгерткім келеді, кредит төлеуден шаршадым!