0 дауыс
1.2k көрілді
Аягөз әлемі және Дулат Бабатайұлы деген шығармаға жоспар керек.

1 жауап

0 дауыс

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы туған. Өлген жылы әртүрлі айтылып келеді. Биыл туғанына 210 жыл толып отыр. Ал тойын... әлі күнге лайықты деңгейде өткізе алмай келеміз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Осы орайда ақынның ауылынан шыққан жазушы Келіс Рақымжан былай дейді: "Дулаттың бейітінің табылғанына он жылдан асты. Ақшатаудағы Қабылахмет ақсақал Шәкеров деген кісі бұрыннан біліп жүреді екен. Қазір көзі тірі, 80-ге келді. "Тәуба" деген кітапша шығарған. Coл кісі Аягөзде тұратын Шәкен деген қарияны Ақшатауға ертіп барып, сондағы бұрынғы совхоздың орталығынан жиырма шақырым жерден, ескі қыстауының орнынан тауыпты. Дулат жырлаған Еспембет батырдың сүйегі сол маңайда деп айтты. Сол жылы Қажығұлов Қайыртай деген кісіге жолықтым. Осы кісі Дулаттың қандай ұрпағы қалды, соның бәрін жазып алып, шежіре шығарған екен. Өзі ақыннан тараған елдің біршамасына жолығыпты. Шежіре сол ақсақалдың қолында. 200 беттік қолжазба кітап. Ақын туған жер бұрынғы "Ақшатау" совхозы 600 бала оқитын орта мектебі бар үлкен ауыл еді. Қазір 200-дей ғана бала оқиды. 90-ға жуық шаруа қожалығы бар. Бірақ тұрмыстары тым ауыр. Бір кезде 11 мың гектар егін егілуші еді, кейінгі кезде ол да жоқ. Өйткені, трактор, солярка жоқ.. Аспан Қажығұлов деген азамат іскер жігіттердің басын құрап, Дулаттың мазарын тұрғызуға көмектесіпті. Қайыртай ақсақалға «Көзі ашық кісісіз, енді Еспембет батырдың зиратын көтеруге мұрындық болсаңыз, Аспан деген азамат ұлыңыз бар, ел бар, батырдың ұрпақтарын жинап, бас құрап " деп айттық.
Дулат ұрпақтарының бірі – Қайрақбай Ақбаев деген кісі Мыңбұлақта тұрды. Атақты адам, Социалистік Еңбек Ері болған. Ақшәулінің тауында қой бағып жүргенде жалаң қолын аюдың аузына тығып жіберіп, әлгі аңды соғып алыпты. 60-шы жылдары ол ерлігі туралы облыстық газет жазған болатын. 90-ға келіп, осыдан екі-үш жыл бұрын қайтыс болды. «Басқа да ақын ұрпақтарын таптық» деп Қайыртай ақсақал айтып отыр. Олар аталарының кім екенін, қандай ақын болғанын білмейді екен тіпті. Не бір заман өтті ғой бастан. Совет үкіметі халық жауы деп жариялап, ұрпағын тоз-тоз қылып жіберген ғой. Дулаттың атын атауға бертінге дейін тыйым салынды емес пе. Ақынның өлеңдері 80-ші жылдары ғана толық жинала бастады. Сайлаубай Жақыпов деген ауыл әдебиетін жинап жүретін кісі бар еді. Серікқазы Қорабаев жинады. Қазіргі алпысқа келіп қалған адамдардың өзі Дулаттың шын мәнінде қандай ақын болғанын білмейді. Жас ұрпаққа Дулаттың өлеңдерін оқыту, жаттату керек. Оның өлеңіндегі идеялар – патриотизмнің негізі. Онда азаттық сөз болады. Осыдан 150 жыл бұрынғы айтқан сөзі әлі шешімін таба алмай отыр емес пе".
"Бұқарды ел біледі, Абай бұрыннан белгілі, ал екеуінің ортасындағы Дулатты жұрт білмейді. Бұл қалай? Аягөзде, Семейде, Астанада көшелерге Дулаттың аты берілуі керек. Ақшатаудағы мектептің аты Айғыз Көшкінбаеваның атында. Соны Дулаттың атына беру мәселесі Семейде көтерілді, бірақ ол шешілген жоқ» дейді Келіс Рақымжан.
«Тас түскен жеріне ауыр» дейді атам қазақ. Ақын мерейтойы туған топырағында қандай деңгейде аталып өтілді? Аягөз жұрты Дулат Бабатайұлын қаншалықты құрметтеп жүр? Әлде, әлі де қадіріне жете алмай отыр ма? Мұны ақын жерлестерінің өз аузынан естіп көрелік.
Рифхат Зайытұлы, Дулат Бабатайұлы атындағы орта мектептің директоры (Аягөз ауданы):
– Дулат ақынның 210 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде айтарлықтай шаралар қолға алынды деп айта алмаймын. Мектеп көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мектеп ішінде мұражай ұйымдастырдық. Мектеп оқушыларын жаз айларында Дулаттың басына апарып, өлеңдерін оқытамыз. Өкініштісі сол, Дулат ақынды мектеп бағдарламасына енгізіп, тереңдетіп оқыту жағы әлі жолға қойылған жоқ. Биылғы жылдың соңына қарай Семей қаласындағы №6 үш тілде оқытатын гимназиямен бірлесіп Дулат оқуларын өткізуді жоспарлап отырмыз.
Жамал Қалиқызы,
Аягөз аудандық кітапханасының меңгерушісі:
– Жыл басынан бері кітапханамызда Дулат ақынның 210 жылдығына орай оқырмандарға арнап шағын кітап көрмесі, библиографиялық айлық пен «Дулат – халықтың, ұлттың ар-ұжданы» атты кеш ұйымдастырылды.
Қайыртай Қажығұлов, Аягөз ауданының Құрметті азаматы:
– Қарағым, осы жасқа келгенше ақын бабам жайында аз білдік. Біздің заманымызда ол кісі туралы айту да қиын болды ғой. Дулатпен аталас болғандықтан зейнетке шыққан соң ол кісінің ұрпақтары жайында шежіре жаздым. 2000 жылы белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов «Прометей алауы» деген шығармасын жазуға келгенде ауылдың ақсақалы Қабылахмет молламен бірігіп Дулаттың моласын тапқан кезде ақынның басына белгі қойылды. Одан кейін аудан көлемінде ауқымды шара өтті дегенді естіген емеспін. Басқасын былай қойғанда Дулаттың атына әлі күнге көше есімі берілген жоқ. Дулат ақынның ауыл-аймақтарда елдің қолында жүрген шығармалары көп. Соны жинап, құрастырса, игілікті іс болар еді.

Толығырақ: https://altaynews.kz/kz/arxiv/ayagozde-dulat-babatayulynyn-esimi-nasihattalyp-zhur-me.html

...