+1 дауыс
44.3k көрілді
Дулат Бабатайұлы "Аягөз қайда барасың?" өлеңінің толық нұсқасы керек,ең болмаса 7-8 шумақ

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
тауды екіге жарасың
тастың қашап арасын
кесіп отіп кезеңді
аягөз,қайда барасың?!
жағаңдағы сұлу тал
саясының шөбі бал
ерекше семіз ішкен мал
сумаң қағып сүйректей
шалқып шапқан жүйріктей
екіге бөліп екі су
қас пенен көздің арасын
тарбағатаи тауынан
тоқсан сала осылып
тоғыз өзен түйісшо
ақтың төмен жосылып
ағының тасты ағызып
арнаң қалды осылып
күркүреген үніңнен
аңдар қашты шошынып
қырға суың тарады
ойға суың барады
тоғанменен тосылып
тагы бір шумагы болса осынынн жалгасы...
аягөз сенің бойыңда
несібе ырыс тегіс қой
сай-сайлаң балғын жеміс қой
қыррың-малдың кіндігі
ойың-өнім,егіс қой

жаксы жауапты ұмытпа хе
0 дауыс
тауды екіге жарасың
тастың қашап арасын
кесіп отіп кезеңді
аягөз,қайда барасың?!

Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып
Тоғыз өзен түйісіп
Ақтың төмен жосылып
Ағының тасты ағызып
Арнаң қалды осылып
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып
Қырға суың тарады
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып

Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
Ойың өнім егіс қой.

Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді....?
Аяқ жағын ұмытып отырмын барлығы осы
ренжіме менің ойымда қалғаны осы ғана  аяқ жағын ұмытып қалыппын
0 дауыс
жалғасы Сауыр жерден айырылып , Қазақ елі жұқарды. Сауыр емес,шап болды Қу заманға сұм басшы Соры мызға тап болды əлі бар
0 дауыс
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
 Кесіп өтіп кезеңді,
 Аягөз қайда барасың?..
Тарбағатай тауынан
 Тоқсан сала қосылып,
 Тоғыз өзен түйісіп,
 Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
 Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып.
Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
 Ойың өнім егіс қой.
 Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
 Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді....?
...